Интернетті бұғаулау себебі – ӘЛЕУМЕТТІК ТЕҢСЕЛІС

Internet security and network protection concept, padlock and connection plug on laptop

Қаза­қстан үкі­меті арнайы қау­лы шыға­рып, Бас про­ку­ра­ту­ра, Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті, Ішкі істер мини­стр­лі­гі мен Қорға­ныс мини­стр­лі­гіне интер­нет­ті бұға­у­лау құқы­ғын бер­ді, деп хабар­лай­ды Azattyq.org.

Қаулы­ға сәй­кес, аталған мем­ле­кет­тік орган­дар өкілет­ті орган­мен өза­ра әре­кет ете оты­рып, «әле­умет­тік, табиғи және тех­но­ген­дік тұрғы­дан төтен­ше жағ­дай болған­да» үкі­мет пен пре­зи­дент бай­ла­ны­сы­нан басқа интер­нет пен бай­ла­ныс жүй­есін тоқта­туға құзы­рет­ті бола­ды. Құжат өткен жек­сен­бі­де, 28 қазан­да күшіне енді.
Қаза­қстан­да жыл басы­нан бері Facebook, YouTube, Instagram және Telegram желілеріне кеш­кі уақыт­та кіру қиын­дай­ды. Мау­сым айын­да қаза­қстан­дық құқық қорға­у­шы­лар «әле­умет­тік желіні бұға­у­ла­уды тоқта­туға» шақы­рған. Адам құқы­қта­ры жөнін­де­гі қаза­қстан­дық бюро­ның таратқан мәлім­де­месін­де аза­мат­тар кез кел­ген уақыт­та қажет­ті ақпа­рат­ты алуға құқы­ғы бар деген.

Әле­умет­тік желілер шетел­де тұра­тын бұры­нғы бан­кир, Аста­на­ның сая­са­тын сынай­тын оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Мұх­тар Әбі­ля­зов әле­умет­тік желілер мен мес­сен­джер­лер арқы­лы тіке­лей эфир­ге шыққан кезін­де бұға­у­ла­на­ды.

Бұған дей­ін Қаза­қстан­ның киберқа­уіп­сіздік сала­сын­дағы мем­ле­кет­тік меке­ме­лер бас­шы­ла­ры қаза­қстан­дық интер­нет қол­да­ну­шы­лар­дың әле­умет­тік желілер мен мес­сен­джер­лер­ге ара-тұра кіре алмай қала­ты­ны­на билік­тің қаты­сы барын жоққа шығарған бола­тын.

«Ғалам­тор­ды бұға­у­ла­удың» артын­да не тұр? – дей­ді Zakon.kz сай­ты­на сіл­те­ме жасаған Qazaqtimes.com.

Үкі­мет оты­ры­сын­да ақпа­рат және ком­му­ни­ка­ция мини­стрі Дәу­рен Аба­ев та, ІІМ Қал­мұ­хан­бет Қасы­мов та, қорға­ныс мини­стрі Нұр­лан Ерме­ков та атал­мыш қаулы­ға бай­ла­ны­сты жур­на­ли­стер сау­а­лы­на мар­дым­ды жау­ап бер­ген жоқ. Бар­лы­ғы «қау­лы­мен толық таны­сай­ын», «кей­ін жау­ап берем», «заң­ды толық жари­я­лай­мыз, сол кез­де оқи­сыздар» деп қысқа ғана қай­ыр­ды.

Сарап­шы­лар пікірін­ше, билік­тің бұн­дай қадам­дарға баруы­на соңғы жыл­да­ры Қаза­қстан­дағы «Facebook» сияқты әле­умет­тік желілер­де­гі халы­қтың аза­мат­тық бел­сен­ділі­гінің артуы себеп болған. Айта кететін бір жайт, 2014 жылғы Укра­и­на­дағы еуро­май­дан мен был­тыр Иран­да болған халы­қтық толқу­лар дәл осы «Facebook» әле­умет­тік желісі­нен басталған, дей­ді Qazaqtimes.com.

«

(медиа-про­ект «DAT» №39 (451) от 1 нояб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн