«Жаңа Қазақстан»: Қытайдың елу бір зауыты ҚАЗАҚҚА НЕ БЕРЕДІ?


Кеше «Жаңа Қазақстан» форумы Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, қоғамда қордаланған біраз мәселелер төңірегінде сөз қозғады. Сонымен бірге форум мүшелерінің АҚШ-қа сапарларының қорытындыларын сөз етті. Баспасөз мәслихаты барысында форум атынан ҚР үкіметінің премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа жолданған аты шулы Қытайдың 51 зауытына қатысты мәлімдеме жасады (мәтіні қаз-қалпында жарияланып отыр).

Соңғы уақыт­та қазақ қоға­мын­да Қытай Халық Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Шын­жаң-Ұйғыр авто­но­ми­я­лық ауда­нын­дағы аз ұлт­тарға, соның ішін­де қазақ диас­по­рас­ы­на жүр­гізіп жатқан сая­са­ты­на деген алаң­да­у­шы­лық ұлғай­ып келеді. Тер­ро­ризм мен сепа­ра­тизм­ге қар­сы күрес деген ұран­мен жүзе­ге асы­ры­лып жатқан бұл сая­сат сол жер­де тұра­тын мил­ли­он­даған қан­даста­ры­мы­здың құқы­қтар мен еркін­дік­терін шек­те­у­ге, ал кей­біре­улерін жазы­қ­сыз жаза­ла­у­ға алып келу­де.

Осы сая­сат­тың сал­да­ры­нан пай­да болған «Қытай­дан үрку» (қытай­фо­бия) дер­ті көр­ші екі елдің ара­сын­дағы бар­лық сала­ларға өзінің кері әсерін тигі­зетіні анық. Солар­дың ішін­де­гі бүгін­де қоғам­да қызу талқы­ла­нып, зор қын­жы­лыс туғы­зған түйт­кіл­дер­дің бірі – Қытай жағы­нан келіп, Қаза­қстанға салы­на­тын 51 кәсі­по­рын­ның мәсе­лесі.

Бұл бағыт­та өтірік-шыны ара­лас сан түр­лі болжам­дар айты­лу­да. Алай­да, өкініш­ке орай, осы кәсі­по­рын­дар­ды Қаза­қстанға орна­ла­сты­ру мәсе­лесі­мен тіке­лей айна­лы­са­тын атқа­ру­шы билік әлі күн­ге дей­ін тұщым­ды ақпа­рат жари­я­лаған емес.
Осы кем­шілік­тің орнын тол­ты­ру мақ­са­тын­да төмен­де­гі сұрақтар­дың әрбір тар­мағы­на (егер олар ком­мер­ци­я­лық құпия болып табыл­ма­са) нақты жау­ап беруіңізді сұрай­мыз:

  1. ҚР 4-бабын­да «Рес­пуб­ли­ка қаты­су­шы­сы болып табы­ла­тын халы­қа­ра­лық шар­ттар жари­я­ла­на­ды» делін­ген. Қаза­қстан мен Қытай ара­сын­да, оның қата­рын­да дау­лы 51 кәсі­по­ры­нға қаты­сты көп­те­ген басқа да елдер­мен жасалған келісім-шар­ттар нелік­тен халы­қтан жасы­рын сақта­ла­ды? Бұл қан­ша­лы­қты заң­ды болып табы­ла­ды?
  2. Қаза­қстанға Қытай тара­пы­нан көшіріл­мек­ші әрбір өндіріс орын­да­ры­ның қай салаға жата­ты­ны (ауыл шару­а­шы­лық өнім­дерін өңдеу сала­сы, хими­я­лық өндіріс, маши­на жасау, т.б.) және олар нақты қай жер­де орна­ла­сты­ры­ла­ты­ны жөнін­де толы­ққан­ды ақпа­рат беріл­сін.
  3. 51 қытай­лық өндіріс ашы­луы нәти­же­сін­де қан­ша жаңа жұмыс орны пай­да бол­мақ? Ол жер­де жалақы мөл­шері, әле­умет­тік кепіл­де­ме­лер, еңбек қауіп­сізді­гі қалай қам­та­ма­сыз етіледі? Шын­ды­ғын­да, бұл өндірістер қан­дай тех­но­ло­ги­я­ларға негіз­дел­ген – ескір­ген бе, жаңа ма?
  4. Халы­қты жұмыспен қам­ту тура­лы ҚР Заңы­на сәй­кес кез кел­ген жұмыс орны­на қабыл­да­уда бірін­ші кезек­те басым­дық Қаза­қстан аза­мат­та­ры­на берілуі көз­дел­ген. Шетел­дік­тер бол­са, тек жер­гілік­ті жұмыс күші жетіс­пе­ген­де неме­се қажет­ті маман­дық иесі бол­маған­да ғана тар­ты­ла­ды. Олай бол­са, аталған талап­тар және бел­гі­лен­ген тиісті кво­та­лар қан­ша­лы­қты орын­далған?
  5. Сөз болып оты­рған өндірістер­дің әрқай­сысын­да қан­ша жұмыс­шы, қан­ша әкім­шілік қыз­мет­кер­лері және қан­ша маман­дар­дың бола­ты­ны тура­лы егжей-тег­жей­лі мәлі­мет, соны­мен қатар солар­дың ішін­де қан­ша маман, қан­ша жұмыс­шы­ның Қытай­дан келетіні, қан­ша­сы­ның жер­гілік­ті қаза­қстан­дық аза­мат­тар­дан жасақта­ла­ты­ны тура­лы ақпа­рат берілуі керек.
  6. Осы 51 кәсі­по­рын­ның көшірілуіне бай­ла­ны­сты шығын­ның көле­мі қан­дай? Оның қай бөлі­гін Қаза­қстан, ал қай бөлі­гін Қытай өз мой­ны­на ала­ды? Жыл сай­ын олар­дан Қаза­қстан қазы­на­сы­на түсетін пай­да көле­мі қан­ша­лы­қты бол­мақ? Бұл кәсі­по­рын­дар­дың қожай­ы­ны кім бол­мақ және Қаза­қстан аза­мат­та­ры­ның мүд­де­лері мен хұқы­қта­ры қалай сақтал­мақ?
  7. 51 кәсі­по­рын­ның эко­ло­ги­я­лық сарап­та­ма­дан өткені тура­лы (олар­дың жұмыста­ры ауа­ны, суды, жер­ді, табиғат­ты ласта­май­тын болуы керек) халы­қа­ра­лық стан­дарт­тарға сай құжат­та­ры бар ма? Қытай үкі­меті осы 51 кәсі­по­рын­ды өз жері­нен неге шығар­мақ­шы? Олар өздері жұмыс істе­ген аудан­дар­дың эко­ло­ги­я­сы­на, тұрғын­дар­дың ден­са­улы­ғы­на қан­дай зардап әкел­ді?

Бұл ақпа­рат­тар­ды ресми түр­де жари­я­лау – қоғам­дағы ашы­қтық пен жари­я­лы­лы­қты қам­та­ма­сыз ету­мен қатар, шетел­дік инве­сти­ци­яға деген пози­тив­ті көзқа­рас қалып­та­сты­ра­ды деп ойлай­мыз.
Соны­мен бір­ге Қаза­қстан үкі­меті Қытай­дан келетін кәсі­по­рын­дар­дың эко­ло­ги­я­лық сарап­та­ма­сы­на тәу­ел­сіз сарап­шы­лар­дың қаты­суын да қам­та­ма­сыз етуі шарт. Қытай кәсі­по­рын­да­ры орна­ла­са­тын облы­стар­да қоғам­дық тың­да­у­лар өткізілуі де аса қажет­ті. Ал енді аталған заң­ды талап­тар орын­дал­май, көтеріл­ген мәсе­ле­лер халы­ққа дәй­ек­ті де тыңғы­лы­қты түсін­діріл­ме­се, бұл жағ­дай­дың ушы­ғуы­на және Қаза­қстан­ның мүд­десіне қай­шы сал­дарға әке­луі мүм­кін екен­ді­гін ескер­те­міз. Осын­дай жағ­дай­да жау­ап­кер­шілік ресми орын­дар­дың мой­нын­да бола­ды.

«Жаңа Қаза­қстан» фору­мы

(медиа-про­ект «DAT» №26 (438) от 5 июля 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн