fbpx

ЖАҢА САНАҚ ұлттық саясатқа түрткі БОЛУЫ ТИІС

Биыл елі­міз тәу­ел­сізді­гін алға­лы бері үшін­ші халық санағы өткелі отыр. Бұл шараға мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен 8,8 млрд тең­ге бөлі­ну жос­пар­ланған. 1999 жылғы ең алға­шқы санағы­ның қоры­тындысы бой­ын­ша, елі­міздің халық саны 14 953 100 адам болған. Бұл 1989 жылғы санақ­пен салы­сты­рған­да, 7,7% кем көр­сет­кіш. Ал 2009 жылы өткен санақта бұл көр­сет­кіш 16 004 800 ада­мға жет­кен.

Жуы­қта «Нар­кес­кен» пікір­сай­ыс клу­бын­да өткен кезек­ті оты­ры­ста осын­дай деректер­мен бір­ге мем­ле­кет үшін және қаза­қтың ұлт­тық сая­са­ты үшін бұл санақтың маңы­зы да айтыл­ды. Пікір­сай­ы­стың тақы­ры­бы да осы бол­ды – «Ұлт­тық санақтың сая­си, тари­хи-әле­умет­тік маңы­зы».

Әзім­бай ҒАЛИ,

ғалым-демо­граф:

– Қазақ тарихын­да халық санағы аз болған жоқ. Халқы­мы­зды жай­пап кет­кен ашар­шы­лық та бол­ды. Зардап көр­ген ұлт­тар өздеріне қаты­сты жасалған зұл­мат­ты мой­ын­да­туға тыры­сып бағу­да. Олар­дың ішін­де біз де бар­мыз. Қаза­қтың қыры­лға­ны ешқан­дай күмән туғы­з­бай­ды. Ол қол­дан жасалған Голо­ще­кин сая­са­ты бол­ды. Жал­пы пат­ша үкі­меті де қаза­қты аяған емес. Осы қас­көй сая­сат­тың нәти­же­сін­де ең азай­ты­лған дерек бой­ын­ша, 1 млн 750 мың қазақ қыры­лған (бей­ре­сми бала­ма деректер бой­ын­ша, қыры­лған қаза­қтың саны 3 мил­ли­он­нан астам деген деректер де бар – Ред.).

1926 жылғы санақ кезін­де рулы тай­па­лық құрам болған. Соны­мен іздеп жүріп тапқан. Қазір­гі санақта, әрине, мұн­дай мәлі­мет жина­удың еш қажеті жоқ, бірақ көңіл ауда­ра­тын мәсе­ле­лер бар. Ол мигра­ция, асси­ми­ля­ция мәсе­ле­лері. Соңғы онжыл­ды­қта 26,3% өссек, бұл өте жақ­сы өсім. Келесі онжыл­ды­қта 23% өсе­міз деген болжам бар. Ол да тәуір үрдіс.

Деген­мен, мынан­дай кең бай­тақ елде біздің саны­мыз көп деп айта алмай­мыз. Мыса­лы, көр­шілес өзбек ағай­ын­дар­ды қараңыз, олар 33 млн. Қытай көр­ші­міз 1 млрд 200 млн. Ресей­дің халқы жыл­дан жылға азай­ған­мен, 147 млн адам болып тұр. Осы елдер­дің басқаға шама­сы кел­ме­се де, біз­ге шама­сы келеді.

Біз­де бәрі жаман деу­ге де кел­мей­ді. Мил­ли­он­дық қала­лар деген жақ­сы үрдісі­міз бар. Олар: Алма­ты, Шым­кент және Аста­на. Қолға ала­тын тағы бір мәсе­ле, ол – шет­те­гі қаза­қты елге көші­ру. Қытай қан­даста­ры­мы­зды біз­ге қимай, жібер­мей ұстап отыр. Біздің билік оның жолын таба алмай отыр. Олар­дың көшіп келу­ден бетін қай­та­рып оты­рған бір жайт – біз­дер­дің оры­ста­нып кет­кені­міз. Сон­ды­қтан біз­ге 1954, 1962 жыл­дар­дағы­дай неме­се еге­мен­дік алған кез­де­гі басталған көш сияқты үлкен бір импульс керек болып тұр.



Смағұл ЕЛУБАЙ, жазу­шы:

– Ресей­дің 1911 жылғы мәлі­меті бой­ын­ша, рево­лю­ци­яға дей­ін қаза­қтың саны 8 мил­ли­он дегені рас бол­са, онда аза­мат соғы­сы кезін­де қырғын болған. 1921 жылы үлкен ашар­шы­лық бол­ды. «Алаш орда» үкі­меті сол ашар­шы­лы­қтың зардаб­ы­на қаты­сты үлкен жиын өткізіп, сол жиын­да 1 млн 700 мың қазақ қырыл­ды деп мәлім­деді. 1937 жылы санақ­шы­лар­ды атты­рған Ста­лин, санақтың нәти­же­сін де бұр­ма­ла­маға­ны­на кім кепіл? Мен совет зама­нын­да 1939 жылғы шыққан бір кітап­та қаза­қтар­дың саны 1 млн 900 мың бол­ды деген­ді көз­бен көр­ген­мін. Ал 1939 жылғы ресми санақта қаза­қтың саны 2 млн 300 мың деп кел­тіріл­ген. Сон­ды­қтан мен сол заман­ның санақта­ры­на сен­бей­мін. Ондағы мәлі­мет­тер көбей­тіліп көр­сетіл­ген. Өйт­кені санақ деген – сая­сат.

Ал 1932–1933 жылғы ашар­шы­лы­қа қаты­сты Ресей ғалым­да­ры­ның көзқа­ра­сы­на сену қиын. Ол кез­де пар­ти­я­ның сөзі жүріп тұрған шақ, өздері қалаған сан­дар­ды жазып оты­рған. Шын мәнін­де, 1932 жылы қазақ қыры­лып жатқан кез­де Орта­лық коми­тет мың­даған тон­на астық өткізің­дер деп Қаза­қстан­ды төм­пеш­теп жатқан бола­тын. Өйт­кені Мәс­кеу мен Ленин­град тіке­лей Қаза­қстан­ның мой­ны­на ілулі тұр­ды. Посты­шев деген сек­ре­та­ры тура сол 1932 жылы ет жет­пей жатыр, астық жет­пей жатыр деп теле­грам­ма салып, Қаза­қстан­ды тона­у­мен айна­лы­сқан. Ол құжат­ты мен архив­тен алы­нған Кеме­рон деген аме­ри­кан­дық тарих­шы­ның қолы­нан алдым. Санақ сая­сат болған­нан кей­ін, оған сену қиын. Тек қана Қаза­қстан­ның тарих­шы­ла­ры мен өзі­міздің елдің жүр­гіз­ген санағы­на ғана сену­ге бола­ды.

 «D»

Республиканский еженедельник онлайн