fbpx

ЖАҚСЫБЕКОВ «Цеснабанктен» АЙЫРЫЛДЫ МА?

Қаза­қстан­дық банк­тер пай­даға кенеліп, жыл сай­ын «семі­ру үстін­де». Атап айтқан­да, был­ты­рғы жыл­дың алға­шқы 10 айын­да банк­тер­дің табысы 27,7 трил­ли­он тең­гені құрап­ты. Оның ішін­де­гі таза пай­да 566,5 мил­ли­ард тең­ге­ге жетіп отыр. Бұл соңғы бес жыл­дағы ең үлкен көр­сет­кіш. Был­ты­рғы көр­сет­кі­шпен салы­сты­рған­да 2,4 пай­ы­зға артық екен.

Жал­пы, қар­жы­лық сек­тор­да жұрт түсіне бер­мей­тін түр­лі про­це­стер­дің жүріп жатқа­ны рас. Мәсе­лен, талай жыл бойы үздік­тер­дің қата­рын­да сана­лып кел­ген «Қаз­ком­мерц­банк­тің» аяқ асты­нан күрт нашар­лап шыға кел­гені тосын жаңа­лық болға­ны рас. Ақы­ры ол «Халық банк­тің» құра­мы­на кіріп тын­ды.

Сарап­шы­лар­дың айтуын­ша, был­тыр елде­гі банк сек­то­рын­да түбе­гей­лі өзгерістер орын алуы тиіс бола­тын. Болжа­мға сәй­кес, «Халық банк» пен «Қаз­ком», «Capital банк» пен «Тен­гри банк», «Цесна­банк» пен «Цен­тр­Кре­дит», сон­дай-ақ «RBK» мен «Qazaq бан­кі» өза­ра бірі­гіп, отан­дық қар­жы­лық жүй­енің жаңа кон­фи­гу­ра­ци­я­сы қалып­та­са­ды деп күтіл­ген. Бәл­кім, «Аста­на банк», «Эксим­банк» пен «Qazaq бан­кі» секіл­ді қар­жы­лық құры­лым­дар­дың төңіре­гін­де­гі жай­сыз оқиға­лар осы үлкен сце­на­рий­дің құрам­дас бөлік­тері болар. Бұдан біраз бұрын «Цесна­банк­тің» «Цен­тр­Кре­дит­пен» бірі­гетіні жай­лы болжам­дар таралға­ны­мен, сце­на­рий жүзе­ге аспа­ды. Деген­мен, «Цес­наға» қаты­сты жыр мұны­мен біт­пей­ді. Сарап­шы­лар­дың пікірін­ше, көп ұза­май бұл қар­жы­лық ірі ұйым «Халық банк­тің» қара­мағы­на өтуі ықти­мал. Әйт­пе­се кезін­де «Қаз­ком­да» басқар­ма төраға­сы қыз­метін атқа­рып, осы ұйым­ның «Халық банк­пен» қосы­лу про­цесіне бас­шы­лық еткен Ульф Вокур­ка­ның аяқ асты­нан «Цесна­банк­тің» басқар­ма төраға­сы болып шыға келуін, «Қаз­ком­да» басқар­ма төраға­сы­ның орын­ба­са­ры болған Ұлан Бай­жа­но­втың «Цесна­банк» дирек­тор­лар кеңесінің мүшелі­гіне өтуін немен түсін­діре­міз?

Қалай десек те, бұл оқиға­лар «Цес­на» кор­по­ра­ци­я­сы­ның қожай­ы­ны, күні кеше ұлт­тық эли­та­дағы ең бедел­ді фигу­ра­лар­дың бірі болып саналған Әділ­бек Жақ­сы­бе­ко­втың бұры­нғы ықпа­лы­нан айы­ры­луы­ның сал­да­ры ретін­де қабыл­да­ну­да. Жақ­сы­бе­ков үшін банк­тен айы­ры­лу – бұры­нғы ықпа­лы мен беделінің соңғы тіре­гі­нен айы­ры­лу іспет­ті.

Rgmedia.kz

Республиканский еженедельник онлайн