fbpx

Жанболат МАМАЙ: КРЕМЛЬГЕ ЖАЛТАҚТАҒАН АҚОРДА Ашаршылық зұлматын «геноцид» деп мойындата алмайды

Кеше – сәр­сен­бінің сәтін­де Алма­ты қала­сын­дағы «Арман» кино­тет­рын­да Қазақ тарихы­ның қан­жілік қасіреті – Ашар­шы­лық тура­лы «Зұл­мат» деректі филь­мінің тұса­у­ке­сері өтті. Жоба­ның жетек­шісі – кәсі­би қыз­меті үшін сот­ты болған жур­на­лист, қоғам­ның жас қай­рат­кері Жан­бо­лат Мамай. Қаза­қтың кино­пуб­ли­ци­сти­ка­сы ғана емес, тарам-тарам тарихы тұрғы­сын­да да еле­улі жаңа­лық болған осы тұса­у­ке­сер алдын­да Жан­бо­лат Мамай­ды ашық әңгі­ме­ге тар­тып, өткен-кет­кен біраз мәсе­ленің төңіре­гін­де әңгі­ме қозғаған едік.

– Жан­бо­лат, Қаза­қстан кино­ауди­то­ри­я­сы­на көр­се­ту алдын­да «Зұл­мат» филь­мін көріп, Ашар­шы­лық жыл­да­ры­ның ашыл­май қалған ақиқа­ты мен ақтаң­дағын ақтарған­дай бол­дық. Бір қараған­да, әбден ақже­мі шыққан, тарих­та дәлел­деніп, дәй­ек­тел­ген бұл тақы­рып­ты қоғам­ның есіне қай­та­дан салуға қан­дай себеп­тер түрт­кі бол­ды?

– «Зұл­мат» филь­мінің басқа деректі жоба­лар­дан басты айыр­ма­шы­лы­ғы – біз боль­ше­вик­тер­дің қол­дан ұйым­да­сты­рған Ашар­шы­лық апа­ты­на сая­си, тари­хи баға бер­дік. Бұның гено­цид екенін, халы­қты қасақа­на, мақ­сат­ты, жос­пар­лы түр­де қыру екенін дәлел­дедік. Ол үшін көп­те­ген мұрағат құжат­та­рын зерт­те­умен қатар, Укра­и­наға сапар­лап, сол елдің Голо­до­мо­рын зерт­те­ген тарих­шы­ла­ры­мен, сарап­шы­ла­ры­мен сұх­бат­та­стық. Бұрын-соң­ды Қаза­қстан­да түсіріл­ген деректі фильм­дер­де Укра­и­на тарих­шы­ла­ры­ның пікірі беріл­ме­ген еді. Укра­ин­дар­дың Голо­до­мор­ды әлем­дік дең­гей­де гено­цид екенін мой­ын­датқа­нын айта оты­рып, біз қаза­қтың Зұл­ма­тын, Ашар­шы­лы­ғын халы­қа­ра­лық дең­гей­ге неге шығар­май оты­рға­нын мәсе­ле етіп қозға­дық. Бір жарым сағатқа жуық фильм­ді бастан-аяқ көріп шыққан адам жүз­де­ген кітап, мың­даған мұрағат құжат­та­рын оқы­май-ақ, қазақ тарихы­ның нәу­бет­ті жыл­да­ры тура­лы мағлұ­мат­ты кеңі­нен ала­ды. Иә, бұрын­да­ры Ашар­шы­лық тақы­ры­бы айты­лған да, жазы­лған да болар. Бірақ осы мәсе­лені қоғам­ның ауқым­ды талқы­сы­на салып, тақы­рып­ты кеңі­нен таратқан деректі жоба­лар болған жоқ сияқты. Бұл – бұрын­да­ры тарих­шы­лар мен сарап­шы­лар­дың орта­сын­да ғана талқы­ла­нып, айты­лып, жазы­лып жүр­ген тақы­рып бол­ды. Ал енді жаңа­дан фильм түсіріп, оны интер­нет арқы­лы жүз­де­ген мың ада­мға тара­ту – Қазақ тарихы­ның зұл­мат­ты жыл­да­рын кеңі­нен наси­хат­тау деген сөз.

– Айт­пақ­шы, Голо­до­мор­дың Укра­и­на­да зерт­те­лу дең­гейі қалай болған екен?

– Укра­и­на­да осы күн­ге дей­ін Голо­до­морға қаты­сты 300 мың­нан аса мақа­ла­лар, кітап­тар, фильм­дер шыққан. Әрбір ауыл­да Голо­до­мор құр­бан­да­ры­на ескерт­кіш орна­ты­лған. Голо­до­мор кезін­де қаза болған 4 мил­ли­онға жуық укра­ин­ды­қтың аты-жөнін түгел тауып, оны «Қара­лы кіта­пқа» енгіз­ген. Укра­и­на ұлт­тық дең­гей­де Голо­до­мор құр­бан­да­рын еске алып, тарих­тың қара­лы бет­терін зерт­теп, елде болған жағ­дай­ды бүкіл әлем­ге жай­ып сал­ды.

Ал біз­де осын­дай жұмыстар неге жүр­гізіл­мей­ді? Голо­до­мор қазір еврей­лер­дің Холо­ко­сты тәрізді әлем­дік дең­гей­де «гено­цид» деп мой­ын­дал­ды. Ал енді халық саны­на шаға­тын бол­сақ, боль­ше­вик­тер­дің қыл­мысы­нан Қаза­қстан­да қыры­лған­дар­дың саны ең көп болған. Сол тура­лы мәсе­ле неге көтер­мей­міз?

Тарих­тың қасірет­ті тұста­рын көте­руі­міздің тағы бір себебі – бодан болу­дың қан­ша­лы­қты қатер­лі екенін қоға­мға кино тілі­мен айтқы­мыз келеді. Ресей­дің қазір­гі әре­кетіне қараңыз: төңіре­гін­де­гі көр­шілеріне өте қауіп­ті, агрес­сор елге айна­лып бара жатыр; Укра­и­на мен Гру­зи­я­ны бөл­шек­те­ді; қазір Бело­рус­си­я­ны тәу­ел­сіздік­тен айы­руға күш салу­да; ортақ валю­та құрай­ық, екі елге бір пар­ла­мент, пре­зи­дент бол­сын дей­ді.

Ал бұл – тәу­ел­сіздік­тен айы­ры­лу деген сөз. Сол Ресей­мен Қаза­қстан да Еура­зи­я­лық одақ құра­мын­да: бело­ру­старға туған күн қаза­қтарға кел­мей­ді деген­ге кепіл­дік жоқ. Ақпа­рат­тық кеңістік­ті кім билеп-төстей­ді? Ресей! Оның үстіне біздің елде Ресей­дің эко­но­ми­ка­лық, сая­си ықпа­лы күшті. Қазір­дің өзін­де Кремль ортақ валю­та құру мәсе­лесін оқтын-оқтын көтеріп жүр. Бұл қаза­қты тәу­ел­сіздік­тен айы­руға әке­летін төте жол!

Міне, осын­дай жағ­дай­да біз билік­ке де, қоға­мға да тарих­тың негізін­де тәу­мен­ділік­тің қау­пі тура­лы айтқы­мыз кел­ді. «Зұл­мат» филь­мі – соны көз­дей­ді, мақ­сат тұта­ды. Бұған дей­ін Алаш тура­лы деректі фильм дай­ын­да­дық. Енді алда – жап­пай сая­си қуғын-сүр­гін тура­лы деректі жоба дай­ын­даға­лы отыр­мыз. Қазақ тарихын зерт­теу әрі наси­хат­тау ісін­де осын­дай три­ло­гия жаса­мақ ойы­мыз бар.

– Иә, бұл жасан­ды нәу­бет­ті халы­қтың, қаза­қтың және ең басты­сы – жас ұрпақтың есіне жиі-жиі салып оты­ру керек. Сөз бары­сын­да бұл тақы­ры­пқа қай­та­дан айна­лып соғар­мыз.

Ең алды­мен «жастар» деген­нен шыға­ды: жуыр­да пре­зи­дент Назар­ба­ев «Жастар жылы­ның» басталға­нын ресми түр­де жария етті. Бұл «жыл» сіз үшін не: кезек­ті сай­ла­удың алдын­дағы сая­си науқан ба, жоқ әлде ел жаста­ры­на деген шынайы жана­шыр­лық пен қамқор­лы­қтың бел­гісі ме?

– Егер билік жастар­ды ойла­са, олар­дың бола­шағы тура­лы толған­са, білім сала­сын былы­ққа бел­ше­ден баты­рып, ғылым­ды осын­ша тоқы­ра­уға түсірер ме еді? Егер билік жастар­ды ойла­са, меди­ци­на­ны күй­ретіп, дәрі­гер­лік көмек­тің дең­гей­ін түсірер ме еді? Егер билік жастар­ды ойла­са, елді жемқор­лы­ққа бөк­тіріп, Қаза­қстан­ды пара алу­дан Афри­ка мем­ле­кет­тері­мен бір қатарға тұрғы­зар ма еді? Егер билік жастар­ды ойла­са, қаза­қтың жерін талан-тара­жға түсіріп, оны Қытай­ға сатуға ұмты­лар ма еді? Егер билік жастар­ды ойла­са, әділет­ті сай­лау өткізіп, демо­кра­ти­я­лық инсти­тут­тар орна­тып, сөз бостан­ды­ғын сақтап, құқық қорғау, сот жүй­есін ашық әрі таза қыл­мас па еді? Егер билік жастар­ды ойла­са…

Айта бер­се, сұрақ көп. Бірақ жастар­ды ойлап, олар­дың келе­ше­гіне күңіреніп оты­рған билік­ті мен көріп тұрған жоқ­пын! Қаза­қстан­нан жылы­на 40–45 мың шама­сын­да адам көшіп кетіп жатыр. Олар­дың көбі – Ресей­ге кетіп жатыр деген­мен келіс­пей­мін. Бұлар­дың ара­сын­да дарын­ды, терең білім­ді, елдің бола­шағы­на қыз­мет ете ала­тын мықты жастар да аз емес! Шетел­ге кететін­дер құр жаяу адам­дар емес – шет тіл­дерін білетін, халы­қа­ра­лық дең­гей­де бәсе­ке­ге қабілет­ті, өздері ұстаған кәсіп­ті алға сүй­реп, инно­ва­ция жасай­тын жастар!

Ал енді солар Қаза­қстан­да қалып, осын­да неге жұмыс істе­мей­ді? Себебі бұл жер­де дарын­ды, мықты адам­дар керек емес. Оларға ешкім де жол ашпай­ды. Баты­ста білім алып, АҚШ-та, Кана­да да, Еуро­па­да қалып жатқан қан­ша­ма қазақ жаста­рын біле­мін. Олар­дан неге елге қайт­пай­сың деп сұра­удың өзі артық. Себебі мұн­да не болып жатқа­нын бәрі­міз біле­міз. Олар өздері­нен биік қыз­мет­те тұра­тын шене­унік­тің алдын­да жал­бақтап, жан­тық болғы­сы кел­мей­ді. Пара беру­ге қар­сы. Көп­шілі­гінің билік­те таныс-тамы­ры, әке-шеше­сі жоқ. Сон­да олар Қаза­қстан­да білім­дерін қалай қол­да­на­ды? Білік­тілі­гін қалай іске асы­ра­ды? Амал­сыз шетел­де қалуға, сол елде қыз­мет қылуға мәж­бүр. Осы­ны көре тұра, билік «Жастар жылын» жари­я­лай салы­сы­мен, бір нәр­се өзге­реді деп ойлау – күл­кілі жағ­дай. «Жастар жылы» – деген билік­тің кезек­ті фар­сы, арзан қой­ы­лы­мы мен даңға­за науқа­ны. Одан жастар сая­са­тын­да қан­дай да бір өзгеріс бола­ды деп ойла­май­мын.

– Айт­пақ­шы, пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың қаты­суы­мен өткен жиын­да қаты­сқан­дар екі сөзінің бірін­де «осы күн­ге жет­кіз­геніңіз үшін» деген­дей сыңай­мен пре­зи­дент­ке алғыс айтып жат­ты. Егер жастарға қаты­сты сая­сат­тың дұры­сты­ғы сол алғы­сқа пара-пар бол­са, «Жастар жылын» жари­я­ла­удың қажеті қан­ша еді?

Мұн­дай жиын­дар­да айты­лған мадақ сөз бен көпір­ме мақта­уға көңіл бөлу­ден баяғы­да қал­дым. Ресей­де мына­дай сөз бар ғой: «оры­стар не ойлап, тауып жаса­са да, бәр­бір Калаш­ни­ков авто­ма­ты шыға­ды» деген. Сол сияқты біздің билік қан­дай жиын өткіз­се де, бар­лы­ғы бос даңға­за болып шыға­ды.

Десек те, сол жиын­да оты­рған жастар­дың ара­сын­да қаза­қтың нағыз мақта­ны­шта­ры бар: олар­дың қата­ры­на әнші Димаш Құдай­бер­ге­нов пен шах­мат­шы Жан­сая Әбду­мәлік­ті қосар едім! Бұл еке­уі нағыз туа біт­кен дарын, ұлты­мы­здың бет­ке ұстар мақта­ны­шы! Олар билік­тің қол­да­уы­мен не бол­ма­са жағ­дай жаса­уы­мен жарқы­рап шыққан жоқ, өздерінің еңбе­гі­мен, дары­ны­мен жұл­ды­зда­ры жан­ды. Егер біздің билік жастарға жағ­дай жасап, елде әділет­ті бәсе­ке бол­са, қазақ жаста­ры­ның ара­сы­нан сая­сат­та, эко­но­ми­ка­да, ғылым мен білім­де, мәде­ни­ет пен әде­би­ет­те, спорт­та жұл­ды­зда­ры жарқы­рай­тын қан­ша­ма жас шығар еді…

Бүгін­гі билік­тің сая­са­ты әле­умет­тік теңсіздік мәсе­лесін күшейт­ті. Егер Қаза­қстан­дағы ең бай адам­дар­дың 10 пай­ы­зы мен ең кедей адам­дар­дың он пай­ы­зын алып, жағ­дай­ын­дағы айыр­ма­шы­лы­қты алсақ, еке­уінің ара­сы терең қазы­лған ор сияқты бола­ды. Әле­умет­тік теңсіздік деген осы. Джин­ни коэф­фи­ци­ен­ті бой­ын­ша да Қаза­қстан­дағы теңсіздік биік көр­сет­кі­ш­те тұр.

Жуы­қта Гре­го­ри Кларк деген ғалым­ның «Әке­лер мен бала­лар» деген еңбе­гін оқып шықтым. Ол Баты­стағы бай адам­дар­дың ұрпақта­ры өздерінің ықпа­лын, бай­лы­ғын, кең мүм­кін­ді­гін 400 жыл бойы сақтап кел­гені тура­лы жаза­ды. Бұл орта­ша көр­сет­кіш. Ал кедей адам­дар­дың ұрпақта­ры 1000 жыл бойы сол кедей қал­пын­да қалған. Бұл әле­умет­тік мәсе­ле­ге бай­ып­пен қарай­тын, теңсіздік тура­лы көп сұрақ көте­ретін Батыс елдерін­де­гі жағ­дай. Толған­ды­ра­ты­ны – Қаза­қстан­да сон­дай жағ­дай қалай бол­мақ? Әділет­сіз жол­мен бай­ы­ған ат төбелін­дей топ жүз­де­ген жыл­дар бойы ықпа­лын жүр­гізіп, билік­ке қолы жет­пе­ген мил­ли­он­даған халы­қтың ұрпағы бір­не­ше ғасыр осы күй­ін­де қала бер­мек пе? Әле­умет­тік теңсіздік мәсе­лесі – үлкен про­бле­ма. Билік жастар­ды ойла­са, осы­ны тереңі­нен қарас­ты­руы керек.

«Жастар жылын» жари­я­ла­у­ға кел­сек, Қаза­қстан жастар­дың елі екенін ұмыт­па­уы­мыз керек. Оның үстіне түр­лі өзгерістер­ді жасай­тын да – жастар. Қазір­гі төң­керістер, түр­лі соғы­стар болып жатқан елдер­дің дені – орта­ша жасы төмен мем­ле­кет­тер, яғни жаста­ры көп халы­қтар. Батыс зерт­те­ушілері нақты тұжы­ры­мға кел­ді: халы­қтың орта­ша жасы төмен елдер төң­керістер­ге, қақты­ғы­старға бей­ім бола­ды. Оны да билік біліп отыр ғой, әрине. Тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да жаңа ұрпақ өсіп шықты: олар­дың алды, көріп оты­рға­ны­мы­здай, қазір­дің өзін­де әлем­ді мой­ын­датқан тұлға­ларға айна­лып отыр. Бұл фак­тор­лар­ды айна­лып өту мүм­кін емес. Сон­ды­қтан билік­тің жастар мәсе­лесіне көңіл бөлуі – заң­ды­лық. Бірақ бұл жастар мәсе­лесін шешу­де үлкен рефор­ма­лар жаса­уға алып келеді деген­ге мен сен­бей­мін. Түр­лі науқан­дарға ақша шашу­мен шек­те­летін әдеті бар ғой бұл билік­тің…

Енді мына қиса­пқа қараңыз­шы: ресми тұжы­рым бой­ын­ша, жастар кон­тин­ген­тіне 18 бен 45-тің ара­сын­дағы халық жата­ды екен. Яғни, бұл елде­гі 18 мил­ли­он бар­ша халы­қтың үштен екісі – 12 мил­ли­онға жуы­ғы деген сөз. Бір өкіні­штісі, осы 12 мил­ли­он тегі­стей бел­сен­ді халы­қтың сана­ты­на жат­са, осы жастағы аза­мат­тар­дың қан­ша мөл­шерін жұмыс­сыз неме­се «өз күнін өздері көр­ген­дер» қата­ры­на жатқы­зуға бола­ды?

Әлем­де­гі мем­ле­кет­тер­дің бар­лы­ғын­да жұмыс­сыз халы­қты «жұмыс­сыз» деп ата­са, Қаза­қстан бұрын-соң­ды бол­маған тер­мин ойлап тап­ты: «өз-өзін жұмыспен асы­ра­у­шы» (само­за­ня­тый) деген. Ал енді сол өз-өзіне жұмыс тауып жүр­ген адам­ның саны 2,5 мил­ли­он­нан аса­ды деген дерек те бар. Солар­дың көп­шілі­гі жұмыс­сыз деген сөз. Дамы­ған мем­ле­кет­тер­дің ста­ти­сти­ка­сы­на қара­сақ, олар­да халы­қтың 70–80 пай­ы­здан аста­мы «service» сала­сын­да, яғни қыз­мет көр­се­тудің түр­лі сала­сын­да еңбек ете­ді. Ал мем­ле­кет­тік қыз­мет­те жұмыс жасай­тын адам­дар­дың үлес сал­мағы өте аз. Біз­де­гі жағ­дай­ға қара­сақ: тұрақты айлық, нақты жұмыс көбі­не­се осы мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­дің қолын­да. Сон­ды­қтан қазір­гі жастар­дың ішін­де құқық қорғау сала­сын­да қыз­мет еткісі келетін аза­мат­тар аз емес. Ал кәсіп жүр­гізіп, орта­ша дең­гей­ден асып даму қазір­гі жағ­дай­да оңай шаруа емес. Сон­ды­қтан бір­не­ше мил­ли­он жас аза­мат­тар өз күнін өзі көріп жүр­гені жасы­рын емес.

Сол жиын­да жастар­дың заман тала­бы­на сай зәру және келелі әле­умет­тік тақы­ры­бы­нан бұрын «махаб­бат» пен «құмар­лық» құпи­я­сын ашпақ болған пре­зи­дент­тің ақы­лы көңіліңіз­ге қон­ды ма?

– Жастар­мен әзіл­десіп, өзінің көңілі де, ойы да жас екенін көр­сет­кісі кел­ген болар… Ал енді жастар мәсе­лесін шешу­ге қаты­сты сүбелі әңгі­ме айтыл­ды, бет­бұрыс жасай­тын бағ­дар­ла­ма қабыл­дан­ды деп айта алмай­мын. Кезек­ті даб­ы­ра мен декла­ра­ция дең­гей­і­нен аспаған тәрізді. Елде­гі жағ­дай­ды шешу үшін, күр­делі сая­си, эко­но­ми­ка­лық рефор­ма­лар керек. Оған ең алды­мен – билік­тің бөлінісі, яғни тәу­ел­сіз пар­ла­мент, сая­си пар­ти­я­лар бәсе­ке­ле­сті­гі, әділет­ті сот жүй­есі сын­ды инсти­тут­тар қажет. Ондай жоқ кез­де үлкен рефор­ма­лар жүзе­ге аса­ды деу – бос сөз.

– «Диплом­мен – ауы­лға!», «Жастар – кадр­лық резерв», «Жұмыспен қам­ту – 2020» бағ­дар­ла­ма­сы сияқты жоба­лар­дың жақ­сы­лы­ғын көр­ген жастар­ды білесіз бе?

– Әрине, қазір­гі жап­пай дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да ауы­лға барғы­сы келетін, сол жер­де тұра­мын деген жастар жоқтың қасы. Себебі ешкім­ді күш­теп ауы­лға тұрғы­зу мүм­кін емес. Менің­ше, бұған мүл­де керісін­ше бағ­дар­ла­ма қабыл­да­нуы тиіс: жастар­ды қалаға тар­ту жұмысы. Үлкен қала­ларға шақы­рып, олар­ды жұмыспен қам­ту, оқу мәсе­лесін шешу, бас­па­на беру бағ­дар­ла­ма­сы керек. Кеңе­стік кезең­де қаза­қты ауыл­дарға сүй­реді, қала­лар­да ұлты­мы­здың үлес сал­мағы өте төмен еді. Неге? Себебі білім де, ғылым да, мәде­ни­ет те, бел­сен­ділік те – қала­да. Инно­ва­ци­я­лар­дың бар­лы­ғы қала­да жаса­ла­ды. Қала­да білім алған, қала­да түр­лі үйір­ме­лер­ге барған бала­ның мүм­кін­ді­гі қан­дай, ауыл­дан шық­паған бала­ның білі­мі қан­дай?

Әрине, ерекше дарын­ды жастар да бар. Мен жал­пы­ла­ма айтып отыр­мын. Сон­ды­қтан қазақ жаста­рын ауы­лға сүй­ре­мей, қалаға тар­туы­мыз керек. Қала – қаза­қты­кі, қазақ жаста­ры­нікі бол­сын! Бұл, әрине, қаза­қтың ауыл­да­рын аңы­ра­тып тастай­ық деген сөз емес. Ауыл­да тұрып, мал-жанын бағып, жан сақтап оты­рған халы­ққа да қол­дау жаса­луы тиіс. Бірақ қай­наған тір­шілік­тің орта­сы, өзгерістің мекені – қала. Сон­ды­қтан жастар­ды ауы­лға тар­ту­дың емес, қалаға шақы­ру­дың қамын жасай­тын жоба­лар дай­ын­да­луы тиіс деп санай­мын.

Урба­ни­за­ция сая­са­ты­на терең көңіл бөл­ме­се, қала­дан орнын тап­пай, түр­лі қыл­мыстарға барып, қоғам­дық орта­дан шет­теп жатқан жастар көп. Денис Тен­ді өлтір­ген екі қыл­мыс­кер­дің жағ­дай­ы­на қараңыз: жұмысы жоқ, алды­на қой­ған мақ­са­ты айқын емес, қоғам­нан өз орнын тап­паған мар­ги­нал­ды топ­тың өкіл­дері ғой бұлар. Егер әле­умет­тік жағы­нан қам­та­ма­сыз етіл­се, әділ­дік­тің барын біл­се, жастар­дың бәріне бір­дей мүм­кін­дік­тер беріл­се, мұн­дай жастар қан­дай жол­ды таң­дар еді? Бұл үлкен мәсе­ле.

– Ал енді «Зұл­мат­тың» тақы­ры­бы­на қай­та­дан ора­лай­ық. Біз­де­гі тарих­шы­лар мен энту­зи­аст зерт­те­ушілер Ашар­шы­лық құр­бан­да­ры­ның санын әрқа­лай есеп­тей­ді: бірі – 1,5 мил­ли­он десе, соңғы кез­дері 5 мил­ли­онға дей­ін құр­бан­дар болған деген деректер айты­лып жүр. Осы доғал деректер­дің ақиқат орта­сы қан­ша деп ойлай­сың?

– Бұл өте маңы­зды сұрақ. Шынын­да да, әртүр­лі деректер кел­тіріледі. Тарих­шы­лар мен ғалым­дар да қыры­лған қаза­қтың саны­на қаты­сты бір тоқта­мға кел­мей отыр. Баты­ста да бұған көзқа­рас бір­кел­кі емес. «Зұл­мат» филь­мін­де «қан­ша қазақ қырыл­ды?» деген сұраққа кеңі­нен тоқтал­дық. Сол кез­де жари­я­ланған санақтарға көз жүгірт­тік. Олар­дың көп­шілі­гі 2 мил­ли­онға жуық қазақ қырыл­ды деген деректі ұсы­на­ды. Одан кей­ін 1992 жылы Жоғарғы Кеңе­стің жаны­нан құры­лған комис­си­я­ның қоры­тындыс­ын фильм­де кел­тір­дік. Манаш Қозы­ба­ев бастаған тарих­шы­лар 1931–33 жыл­да­ры 2 мил­ли­он 200 мың адам қырыл­ды деген дерек айта­ды. Оның 250 мыңы өзге ұлт­тар, қалға­ны – қаза­қтар.

Бұл ресми санақтың қоры­тындысы. Ал ол кез­де тір­кел­ме­ген қазақ қан­ша еді?! Туға­ны да, өлгені де бел­гі­лен­бе­ген адам­дар қан­ша бол­ды? Демек, 2 мил­ли­он 200 мың деген – бұл ресми дерек, бұған тағы да бір­не­ше жүз мың­ды қосуға бола­ды. Сон­да орта­ша есеп­пен ең азы 2,5 мил­ли­он халық қырыл­ды. Ең кемін­де – қаза­қтың тең жар­ты­сы жер беті­нен 2 жыл­да жой­ы­лып кет­ті! Оған 1921–22 жыл­дар­дағы ашты­қты қосы­ңыз: 1 мил­ли­он қазақ қырыл­ды. Сон­да айнал­ды­рған 10 жыл­дың ішін­де шағын бір еуро­па­лық мем­ле­кет­тің халқы­нан айы­ры­лып қал­дық. Бұған босқын болған, жер ауған қаза­қтар­ды қос­паған­ның өзін­де. Бұл нағыз демо­гра­фи­я­лық қасірет емес пе!

Қаза­қстан­дағы сияқты Укра­и­на­да да түр­лі деректер кел­тіріледі. Бірі – 4 мил­ли­он десе, бірі – 7 мил­ли­он деп те жата­ды. Бірақ шын­ды­ққа жақы­ны – 4 мил­ли­он. Укра­и­на­да қыры­лған 4 мил­ли­он халы­қтың аты-жөн­дері тегіс жазы­лған кітап та бар.

Олар мұны қалай жаса­ды? Укра­ин­ды­қтар­дың көп­шілі­гі үйлерін­де оты­рып, аштан қатқан. Әрбір дерев­ня­дағы үйге кіріп, өлген­дер­ді бас-басы­на санап, деректер жазу мүм­кін болған.

Ал қазақ қалай қырыл­ды? Сай­ын дала­да босып жүріп өлген­дер көп! Қытай аса­мыз деп, босып жүріп өлген­дер де аз емес. Сон­ды­қтан Қаза­қстан­да қаза болған қаза­қтың санын дөп басып айту оңай емес. Десек те, әзір­ше осы 2,5 мил­ли­он халық қырыл­ды деген тоқта­мға келу­ге бола­ды. Тағы бір мәсе­ле мына­да: біз бұл қыры­лған халы­ққа тек қана сан ретін­де қара­май­ық. Егер осын­ша­ма халық тірі қалған­да, олар­дың ара­сы­нан қан­ша­ма мұх­тарәу­е­зо­втер, абай­лар, қаныш­сәт­па­ев­тар шығар еді! Қан­ша­ма ғалым, эко­но­мист, спорт­шы­лар болар еді. Бұл біздің ұлт­тық эко­но­ми­ка­лық, сая­си, мәде­ни потен­ци­а­лы­мы­зға беріл­ген орас­ан зор соққы бол­ды. Әлі күн­ге дей­ін содан толық бас көте­ре алма­дық. Сон­ды­қтан бұл Зұл­мат қаза­қтың басын­дағы үлкен қасірет­ке айнал­ды.

– Иә, АҚШ пен Еуро­одақ Укра­и­на­дағы Голо­до­мор қырғы­нын «совет­тік гено­цид» деп баға­ла­ды. Ал біз­де­гі Ашар­шы­лы­ққа осын­дай тұрғы­дағы халы­қа­ра­лық сая­си баға берудің мүм­кін­дік­тері қан­дай? Әрине, бұл ара­да Укра­и­на Рада­сы мен пре­зи­дент Поро­шен­ко­ның ықпа­лы күшті бол­ды, ал біз­де­гі Ақор­да билі­гі­нен мұн­дай батыл­дық шыға ма?

– Халы­қа­ра­лық дең­гей­де «гено­цид» деп таны­ту оңай шаруа емес. Себебі мұның құқы­қтық дәлел­де­уді қажет ететін тұста­ры көп. Біз бұл тұрғы­дан уақыт­ты өткізіп алдық. Укра­и­на Голо­до­мор мәсе­лесі­мен сонау 1987 жыл­дан бастап айна­лы­сты. Гено­цид­тің тірі куәлері­нен қан­ша­ма деректер­ді жазып алды, олар­дың айтқан­да­рын қағазға түсіріп, құжат ретін­де тір­кеді. Яғни, қыл­мыстың куә­гер­лері тірі кезін­де мұны кеңі­нен пай­да­лан­ды. Ал біз­де сон­дай құжат­тың көп­шілі­гі жоқ. Қазір нақты деректер­ді айтып беретін, көз­бен көр­ген адам­дар­дың саны да аз. Бол­са, олар Зұл­мат кезін­де бала бол­ды, көп нәр­сені түсін­бе­ген де болар.

Осы тұрғы­дан алған­да, біз көп нәр­се­ден құр қал­дық деу­ге бола­ды. Укра­и­на, міне, 32 жыл бол­ды, Голо­до­мор­ды «гено­цид» деп таны­ту жұмысы­мен кеңі­нен, мем­ле­кет­тік дең­гей­де шұғыл­да­нып жатыр. Біз­де мұның бірі жоқ! Енді 10 жыл тыныш отыр­сақ, халы­қа­ра­лық дең­гей­де Зұл­мат­ты «гено­цид» деп таны­ту арма­ны­мен толы­қтай қош айты­са­мыз. Сон­ды­қтан қазір қалған аз мүм­кін­дік­ті пай­да­ла­нып, бұл іске бел­сен­ді кірі­су керек.

Бірақ оған құлы­қты билік­ті көріп тұрған жоқ­пын. Неге екені бел­гілі: Кремль­дің қаһа­ры­нан қорқа­ды. Кеңес Одағы ресми түр­де ыды­раға­ны­мен, Ресей өзін соның тіке­лей мұра­гері ретін­де көреді. Оны­сы дұрыс та. Ста­лин­нің өзі Кеңес Одағын «Совет­ская Рос­сия» деп атаған екен. Ресей­дің қазір­гі билі­гі бұры­нғы «Кеңе­стік Ресей­ді» қай­та жаңғыр­ту­дың амал­да­рын жасап-ақ жатыр. Бірақ ХХІ ғасыр­да өткен дәуір­дің мем­ле­кетін құру мүм­кін еме­сті­гін түсін­бей отыр! Сон­ды­қтан Ақор­да Крем­ль­ге жал­тақтап, Зұл­мат­ты «гено­цид» деп мой­ын­да­ту жұмысын атқа­ра­ды деген­ге сен­бей­мін. Десек те, қоғам болып, ел болып, бұл жұмысты билік­тің орны­на біз жаса­уы­мыз керек деп санай­мын.

– Айт­пақ­шы, 1992 жылы Қаза­қстан­ның сол кез­де­гі пар­ла­мен­ті – ҚР Жоғарғы Кеңесі Ашар­шы­лық зұл­ма­тын «гено­цид» деп танып, оған ресми баға бер­гені жөнін­де фильм­де айты­лған екен. Бірақ осы баға­ның пәр­мені бүгін­гі күні неге күшіне енбей отыр? Бұл пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың Кремль билі­гі­нен тай­сақта­уы­ның сал­да­ры деп айта ала­сыз ба?

– Иә, Жоғарғы Кеңес Зұл­мат­ты «гено­цид» деп мой­ын­даға­ны рас. Бұл істе бел­гілі ғалым, халық депу­та­ты болған Манаш Қозы­ба­ев аға­мы­здың рөлі зор еді. Сол кісінің арқа­сын­да осын­дай құжат қабыл­да­нып, Зұл­матқа ресми дең­гей­де баға беріл­ді. Одан кей­ін бұл істі алға сүй­рей­тін пәр­мен­ді тұлға­лар да бол­ма­ды, әрі билік­тің де баты­лы жет­кен жоқ. Соны­мен бұл жалғыз құжат болып, мұрағат­та қалып отыр. Қазір бұл құжат тура­лы көп ешкім айт­пай­ды да, оны біл­мей­ді де. Егер сол кез­де бұл жұмыс тоқта­май, қарқын­ды жүр­гізіл­ген­де, Холо­кост, Голо­до­мор қата­рын­да қаза­қтың Зұл­ма­ты да әлем­ге бел­гілі болар еді. Себебі КСРО-ның басқа халы­қта­ры­мен салы­сты­рған­да, халық саны­на шаққан­да, Қаза­қстан­да ашты­қтан қыры­лған­дар­дың саны ең көп бол­ды.

Бұл жұмыс неден тоқта­ды? Әрине, Кремль­ден үрей­ле­неді. Егер Зұл­мат­ты «гено­цид» деп таны­ту жұмыста­ры бастал­са, Ресей билі­гі ашуға мініп, Қаза­қстан билі­гін қыспаққа ала­ты­ны сөз­сіз. Ал оған төтеп бере ала­тын, қазақ тарихын, ұлт мүд­десін бәрі­нен жоға­ры қоя­тын шене­унік­тер қай­дан табы­ла қой­сын?!

– Биыл елі­міз­де халық санағы өтетіні бел­гілі. Егер қол­дан жасалған Ашар­шы­лы­қтың нәу­беті­нен мил­ли­он­даған қазақ қырыл­маған жағ­дай­да қазір­гі саны­мыз 50–60 мил­ли­он ада­мға жетер еді деген болжам бар. Бірақ тәу­ел­сіздік­тің 28 жылын­да халы­қтың саны небәрі 3 мил­ли­онға толар-тол­мас өскенін немен түсін­діру­ге бола­ды деп ойлай­сыз?

– Сол кез­де мысыр­лы­қтар­дың, иран­ды­қтар­дың, түрік­тер­дің саны қаза­қтан аса көп болған жоқ. Ал қазір олар­дың саны қан­ша, біздікі қан­ша? Әрине, мұның бар­лы­ғы болжам, негіз­гі деректі демо­граф­тар беруі керек.

Десек те, тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да халық саны­ның көп өспе­уінің бір­ден-бір себебі – 90-жыл­да­ры орыс ұлты­ның өкіл­дері Ресей­ге көп­теп кет­ті. Тәу­ел­сіздік алғанға дей­ін олар­дың үлес сал­мағы 40 пай­ы­здан асса, қазір 20 пай­ы­зға да жет­пей­ді. Басқа ұлт­тар­ды қосқан­да, Қаза­қстан­дағы олар­дың үлесі 70 пай­ы­зға жететін еді. Яғни, қаза­қтың өзі сан жағы­нан елде­гі көп ұлт­тың бірі бола­тын.

Ал қазір қаза­қтың үлес сал­мағы 70 пай­ы­здан асып кет­ті. Оры­стар­дың саны 3 мил­ли­онға жуық ада­мға кеміді. Олар­дың кетуі – Қаза­қстан­дағы жал­пы халы­қтың аза­юй­ы­на алып кел­ді. Одан соң 90-жыл­да­ры қарқын­ды басталған қазақ көші тоқтап қал­ды. Бар-жоғы 1 мил­ли­он ғана халы­қты елге тарт­тық.

Ал шет­те жүр­ген 5 мил­ли­он қазақ елге кел­ген­де, қалай болар еді? Ашар­шы­лы­қтың сал­да­ры­нан рес­пуб­ли­ка­дағы қаза­қтың үлес сал­мағы күрт төмен­деп кет­ті. Тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да сан жағы­нан бірін­ші оры­нға шығып отыр­мыз. Сон­ды­қтан Зұл­мат кезін­де мил­ли­он­даған қазақ қырыл­маған­да, олар­дан дүни­е­ге мил­ли­он­даған бала кел­ген­де, әрине, қазір қаза­қтың саны ең кемін­де 30 мил­ли­он­нан төмен бол­мас еді. Мыса­лы, қазір­гі Өзбек­стан халқы сол меже­ге жетіп отыр. Ал ол жер­де Ашар­шы­лық, аштық болған жоқ. Ең басты­сы – біздің ұлт­тық потен­ци­а­лы­мы­зға ғала­мат соққы беріл­ді. Айта­лық, Аме­ри­ка бостан­дық алып, Бри­та­ния бода­ны­нан шыққан тұста, олар­да халы­қтың саны 2,5 мил­ли­он болып­ты. Зұл­мат кезін­де сон­ша халық біздің елден тұта­стай жой­ы­лып кет­ті.

– Өкініш пен қасірет­ті сей­іл­тер кезең­ге де жетер­міз: Қаза­ққа қарай­лас еңбе­гіңіз жана бер­сін, Жан­бо­лат!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«D»

Республиканский еженедельник онлайн