fbpx

ЖАБЫЛҒАН ЖАЛАНЫҢ үкімі дайын…

Алма­ты­ның Алма­лы ауда­нын­да «жиһад­шы­лар ісі» аталған сот аяқта­луға жақын. Айып­та­лушы Алмат Жұмағұ­лов, Кен­же­бек Əбі­шев және Орал­бек Омы­ро­вқа қаты­сты сот үкі­мі жел­тоқ­сан­ның 13-і күні шыға­ды.

Про­ку­рор Дәу­рен Бұлғым­ба­ев жел­тоқ­сан­ның 6-сы күні Алмат Жұмағұ­ло­вты «ұлта­ра­лық араз­ды­қты қоз­дыр­ды» және «тер­ро­ризмді наси­хат­та­ды» деп – 9 жылға, Кен­же­бек Әбі­шев пен Орал­бек Өміро­вті «тер­ро­ризм­ге шақыр­ды және оны наси­хат­та­ды» деп – 8 жылға сот­та­уды сұраған.

Үш аза­мат­тың да ешқан­дай да жиһад­шы, экс­тре­мист, тер­рор­шы еме­сті­гі, тіп­ті осы­лар­ды наси­хат­та­у­шы да, араз­ды­қты қоз­ды­ру­шы да еме­сті­гі сот про­цесін­де толық дәлел­ден­гені жөнін­де газеті­міздің өткен (№ 42–43) сан­да­рын­да жазған едік. Апта басын­дағы жарыс­сөз­де үш жігіт­тің қорға­у­шы­ла­ры мен өздері нақты дәлел­дер кел­тіріп, жазы­қ­сыз жабы­лған жала­мен сот­та­лып жатқан­да­рын жеріне жет­кізіп тұрып айтқан­да­рын сотқа қаты­сқан қоғам өкіл­дері өз құлақта­ры­мен естіді.

Сот бары­сын­да аны­қталған­дай, тер­ге­уші Толға­най Ержа­но­ва тер­геу мате­ри­а­лын­дағы маңы­зы бар виде­ожа­з­ба сақталған тас­па­ны «жоғал­тып жібер­ген». Олар айып­та­уға негіз болып оты­рған бей­не­ро­лик­ті «арнайы қыз­мет­тің аран­да­туы» және «оны ІІМ-нің бұры­нғы май­о­ры ұйым­да­стыр­ды» деп санай­ды. Айып­та­лушы тарап «судья сот оты­ры­ста­ры кезін­де істің қол­дан жасалға­нын және қамауда оты­рған­дар­дың кінәлі емес екенін дәлел­дей ала­тын негіз­гі куә­гер­лер­ді тың­да­ма­ды», – дей­ді.

Соңғы сөзін­де ақын Кен­же­бек Әбі­шев былай деді: «Жол­дас про­ку­рор, кей­ін менің өлең­дерім әде­би­ет оқулы­ғы­на енеді, сон­да сіздің неме­реңіз бұл кім деп сұра­са, не дей­сіз? Кезін­де мен жиһад­шы деп сот­тап едім дей­сіз бе? Не бол­ма­са, бәрі­міз­де бала-шаға, неме­ре бар: аяқ асты­нан құдан­да­лы болып, бір дастар­хан­ның басын­да оты­рып қал­сақ, не істей­міз, құй­рық-бауыр аса­са­мыз ба ұял­май? Сот мыр­за, маған түсім­де аян бер­ді: 18 жел­тоқ­сан күні ақы­рғы рет намаз оқи­сың деді. Егер маған 7 жыл бер­сеңіз, мен оған тірі жет­пей­мін. Менің нахақ күй­ген өмірім сіздің мой­ны­ңы­зда. Мені боса­ты­ңы­здар, ешқан­дай күнәм жоқ екеніне көз­деріңіз жет­ті ғой. Егер жоға­ры­дан қайт­сең­дер де сот­таң­дар деген бұй­рық кел­се, осын­ша­ма қина­май, неге сот­тай сал­ма­ды­ңы­здар?!».

Бір жыл бойы істі бір жақты тер­геп, аран­да­ту­шы­лар­дың көр­се­туі бой­ын­ша істі сотқа дей­ін жет­кіз­ген­дер үш аза­мат­ты сот залы­нан босат­па­удың айла­сын жаса­уда. Айып­та­лушы­лар мен олар­дың адво­кат­та­ры «іс қол­дан ұйым­да­сты­рыл­ды және тер­ге­ушілер мен сот про­цес­су­ал­дық қателік­тер­ге жол бер­ді» деп, айып­ты мой­ын­да­май­тын­да­рын айт­ты.

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,
«D»

Республиканский еженедельник онлайн