ЕҢ ҚЫМБАТ СОҒЫМДЫ шығыстың қазағы сояды

Ең қым­бат соғым еті Шығыс Қаза­қстан­да – бұған қазан айы­ның соңын­да Қаз­ТАГ тіл­шілері жасаған баға­лар мони­то­рин­гі дәлел.

Соны­мен, Шығыс Қаза­қстан облы­сын­да бие еті (3,5 жастан асқан жылқы) 500 мың тең­ге­ге дей­ін бара­ды, көр­ші Пав­ло­дар­да күй­лі ат Т460 мың­нан саты­ла­ды. Жас ет арза­ны­рақ: бай­тал (2,5–2,9 жасар жылқы) және тай (1,5–1,9 жасар) еттерінің баға­сы Өске­мен мен Пав­ло­дар­да шама­лас, сәй­кесін­ше, Т380 мың және Т290 мың.
Жылқы етінің баға­сы бой­ын­ша екін­ші орын­да Аста­на: бие – Т400–450 мың, бай­тал – Т300–350 мың, тай – Т250–280 мың.

Үштік­ті Қаза­қстан­ның оңтүстік өңірі жауып тұр. Алма­ты мен Қызы­лор­да облы­ста­рын­да биенің баға­сы Т390–400 мың ара­лы­ғын­да, бай­тал­дың баға­сы Т350 мың, тай – Т300 мың.
Алма­ты­ның өзін­де облы­стағы­дан баға аздап төмен­деу – тай­ды Т180–250 мың­нан сатып алуға бола­ды.

Түр­кістан облы­сын­да жас жылқы еті арза­ны­рақ болып шықты, тай­ды бар болға­ны Т150 мыңға сатып алуға бола­ды, бұл рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша ең төмен­гі баға. Батыс Қаза­қстан облы­сын­да, мони­то­ринг атап өткен­дей, етті кило­грамм­дап сатқан­ды жөн көреді: жылқы етінің баға­сы 1 кг үшін Т1,4–1,6 мың ара­лы­ғын­да, мал қан­ша­лы­қты жас бол­са, ет те сон­ша­лы­қты қым­ба­ты­рақ бола­ды.

Егер сиыр еті тура­сын­да айт­сақ, Аты­рау облы­сы көш бастап тұр, бұл жер­де асыл тұқым­ды сиыр­лар­дың баға­сы Т400 мың, бұқа­лар – Т450 дей­ін жете­ді. Оның көр­шісі Маңғы­стау облы­сын­да сиыр­ды жасы мен сал­мағы­на қарай сатып алуға бола­ды, баға­сы Т230–370 мың ара­лы­ғын­да, бұқа Т350–450 мың ара­лы­ғын­да.

Олар­дың ізі­нен Алма­ты келе жатыр, ол жер­де сиыр Т280–300 мың, бұқа 300–320 мың тең­ге тұра­ды.

Қаз­ТАГ

(медиа-про­ект «DAT» №39 (451) от 1 нояб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн