fbpx

«ЕШКІМ ДЕ ҚҰТЫЛМАЙДЫ!» – деді президенттің аймақтағы өкілі

Өткен жек­сен­бі күні Қарағанды­дағы қан­ды оқиғаға қаты­сты бір­не­ше жүз­де­ген адам­ның сти­хи­я­лық митин­гісі өтті. Осы нара­зы­лық шара­сы және жал­пы Қараған­ды оқиға­сы жөнін­де рес­пуб­ли­ка­лық ресми басы­лым­дар, ТВ-арна­лар мен билік­тің бағы­ны­сын­дағы БАҚ тара­пы­нан халы­ққа ешқан­дай ақпар беріл­ме­ген­дік­тен, оқиғаға қаты­сты тарап­тар­дың тепе-теңді­гін сақтай­тын «Азаттық» (Azattyq.org) халы­қа­ра­лық пор­та­лы таратқан хабар­ды ықшам­дап жари­я­лап отыр­мыз.

Қаңтар­дың 6-сы күні таңер­тең Қараған­ды облы­стық білім басқар­ма­сы­ның алды­на жүз­де­ген адам жинал­ды. Олар жаңа жыл түнін­де мей­рам­ха­на­дағы жап­пай төбе­лес кезін­де мерт болған жігіт­тің қаза­сы бой­ын­ша қозғалған қыл­мыстық істі тер­геу бары­сы жай­лы билік орын­да­ры­ның түсінік­те­ме беруін талап етті. Бұған дей­ін жек­сен­бі күні қоғам өкіл­дері­нен бір­не­ше адам және қаза болған жігіт­тің туы­ста­ры қала­лық ішкі істер басқар­ма­сын­да бас­шы­лар­мен кез­дескен бола­тын. Бұдан кей­ін білім басқар­ма­сы­ның алды­на жиналған жұрт қоғам­да реак­ция туды­рған қыл­мыстық іске қаты­сты ой-пікір­лерін айтып, адам өлі­міне кінәліні тауып, заң алдын­да жаза­ға тар­ту тура­лы талап қой­ды.

«Азаттық» тіл­шісінің ақпа­ра­тын­ша, сен­бінің кешін­де қала көше­сін­де арнайы тех­ни­ка мен әдет­те­гі­ден көп поли­ция қыз­мет­кер­лері бай­қалған.

Куә­гер­лер­дің «Азатты­ққа» айтуын­ша, жек­сен­бі­де білім басқар­ма­сы­ның алды­на жиналған­дар эмо­ци­яға беріліп сөй­ле­гені­мен, артық іс-қимы­лға бар­маған. Facebook әле­умет­тік желіcін қол­да­ну­шы Гүл­ден Жан­диль­ди­но­ва­ның оқиға орны­нан жүр­гіз­ген тіке­лей транс­ля­ци­я­сын­дағы видео­да жиналған­дар ара­сы­нан кей­біре­улер­дің «қыл­мыс жасаған­дар ама­лын тауып құты­лып кет­пе­сін» деген сөз­дері естіледі.

Көше­ге жиналған халы­қтың алды­на шыққан облыс әкі­мі Ерлан Қоша­нов қыл­мыстық оқиға­ны құқық орган­да­ры­ның тек­серіп жатқа­нын хабар­ла­ды.

– Біре­улер «бұлар ақша беріп, құты­лып кете­ді» деп айтып жүр. Ешкім де құтыл­май­ды! Мына­дай қоғам­дық бақы­лау тұр, ең жоғарғы орган­дар бақы­лап отыр. Бұл тер­геу аяғы­на дей­ін әділ жете­ді, қыл­мыс­кер­лер өз жаза­сын ала­ды. Мен сіз­дер­ге облыс әкі­мі, елба­сы­ның осы жер­де­гі өкілі ретін­де уәде бере­мін. Қашып жүр­ген қыл­мысқа негіз­гі күдік­ті екі-үш күн­нің ішін­де ұста­ла­ды, – дей­ді ол.

Видео­да облыс әкі­мінің жиналған­дар­ды «әліп­тің артын бағып, тыныш тара­уға» шақы­рған дауы­сы естіледі. Бірақ адам­дар тара­май­ды. Бұдан соң жұрт алды­на қаза болған жігіт­тің әкесі шығып, «отба­сы­ның қай­ғы­сын бөлісіп, қол­дау таны­тқа­ны» үшін елге алғыс айтқа­ны көр­сетіл­ген.

Бұл жиы­нға билік­тің келісім бер­гені я бер­ме­генін біл­гісі кел­ген «Азаттық» тіл­шісіне Қараған­ды облы­сы әкі­мінің бас­пасөз қыз­меті бұл жай­лы ішкі істер депар­та­мен­ті неме­се про­ку­ра­ту­ра­дан сұра­уға кеңес бер­ді. Аталған екі меке­ме «Азатты­қтың» сау­а­лы­на әзір­ше жау­ап бер­ген жоқ.

Қаңтар­дың 6-сы күні Қараған­ды облы­сы әкім­ді­гінің бас­пасөз қыз­меті билік бас­шы­ла­ры­ның жаңа жыл түні жан­жал кезін­де қаза болған жігіт­тің туы­ста­ры­мен кез­дескені тура­лы ақпа­рат тарат­ты.
«Кез­де­су бары­сын­да тер­ге­удің жүр­гізілуі жай­лы түсінік­те­ме­лер беріл­ді. Бұл уақыт­та поли­ция депар­та­мен­тінің алдын­да ақпа­рат­тың хабар­ла­нуын күт­кен 200–230 адам жинал­ды. Жиналған­дар­дың алдын­да Қараған­ды облы­сы­ның әкі­мі Ерлан Қоша­нов сөз сөй­леп, тер­ге­удің бары­сы жай­лы және алдағы уақыт­та іске асы­ры­ла­тын шара­лар тура­лы толық ақпа­рат бер­ді. Тер­геу шара­ла­рын бас про­ку­рор жеке бақы­ла­у­ы­на алған. Қазір­гі уақыт­та құқық қорғау орган­да­ры тара­пы­нан Қыл­мыстық кодекстің «адам өлті­ру» және «бұза­қы­лық» бап­та­ры бой­ын­ша қыл­мыстық іс қозғал­ды. Бүгін­гі таң­да 9 қаты­су­шы аны­қтал­ды, оның 8-і тұтқын­дал­ды, біре­уіне халы­қа­ра­лық іздеу жари­я­лан­ды. Кез­де­су бары­сын­да ешқан­дай заң бұзу­шы­лы­қтар тір­кел­ген жоқ. Қазір­гі уақыт­та қала­да және облы­ста жағ­дай тұрақты, қоғам­дық тәр­тіп­тің бұзы­луы­на жол беріл­ген жоқ» деп хабар­ла­ды Қараған­ды облы­сы әкі­мінің бас­пасөз қыз­меті.

Azattyq.org

Республиканский еженедельник онлайн