fbpx

ЕШКІГЕ СЫРНАЙ НЕ КЕРЕК?

Әйнек пен темір-тер­сек­тен құра­с­ты­ры­лған Аста­на­да тағы бір ғалам­дық жоба баста­лай­ын деп тұрған сияқты. «Сияқты» емес, қаза­қтың онсыз да қай­ыр­шы қал­та­сын қаға­тын ол жоба­ны жүзе­ге асы­руға тап­сыр­ма беріліп те қой­ды.

Мән-жай мынау: бұдан бір апта бұрын пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Халы­қа­ра­лық сауда орта­лы­қта­ры қауым­да­сты­ғы­ның басқар­ма мүше­сі (WTCA) Рольф Дра­ак­пен және «Nest Investments HOLDINGS» ком­па­ни­я­сы­ның кор­по­ра­тив­тік инве­сти­ци­я­лар жөнін­де­гі дирек­то­ры Мехран Эфте­хар­мен кез­де­сті. Бұл кез­де­су­ге Пре­зи­дент әкім­шілі­гінің бас­шы­сы Әсет Исе­ке­шев, Аста­на­ның әкі­мі Бақыт Сұл­та­нов және сәу­лет­ші-дизай­нер Кен­нэт Брюс Джеймс Андер­сон қаты­сып­ты. (Бұл қай­дан шыққан архи­тек­тор? – Wikipedia жұмған аузын ашпай­ды).

Осы кез­де­су бары­сын­да Аста­на­да – ЭКСПО аймағын­да Дүни­е­жүзілік сауда орта­лы­ғы­ның (ДСО) ғима­ра­тын салу жөнін­де Назар­ба­евқа жаңа жоба ұсы­ныл­ды. (Нью-Йорк­те тер­рор­шы­лар жарған зәулім, егіз ғиа­ма­рат­ты көз алды­ңы­зға еле­стетіңіз – соның біре­уі Аста­на­да салы­на­ды). Оның биік­ті­гі 150 метр бола­тын көрі­неді. Егер әр қаба­ты 2,5 метр­ден кем түс­пей­ді деген­нің өзін­де, ДСО-ның доғал есебі 60 қабат­тың төңіре­гін­де бола­ды деген сөз. Ең қызы­ғы – «бұл нысан толы­қтай шетел инве­сти­ци­я­сы есебі­нен салы­на­ды» дей­ді Ақор­да­ның хабар тара­ту­шы бас­пасөз қыз­меті. Жоба иелері 200 мил­ли­он дол­лар­дың дол­ба­ры­мен оның мөл­шер­лі құнын да есеп­теп қой­ған екен.

Ал енді осы «200 мил­ли­он­ды» 2010 жыл­дан бері – 9 жыл бойы салы­нып жатқан, құры­лы­сы 2016-да бітуі тиіс болған, Қаза­қстан үкі­меті тап­сы­рыс бер­ген «Әбу-Даби Пла­за» кешені­мен салы­сты­рып көріңіз: оның жоба­лық биік­ті­гі 382 метр – 78 қабат, құны – 1,6 мил­ли­ард дол­лар.

Егер бір­не­ше өрт пен құры­лыс­шы­лар ере­уіл­дері­нен кей­ін, «Әбу-Даби Пла­за­ның» құры­лы­сы бітер уақыт 2020 жылға дей­ін ұзар­ты­лға­нын еске­ретін бол­сақ, оның құны да жоба­лық есеп­тен есе­леп өсетінін аңға­ру қиын емес. Сон­да «Әбу-Даби Пла­за­ның» жар­ты­сы­нан астам көле­мі мен биік­ті­гі, екі гек­тар жер­ге салы­на­тын ДСО-ның дөң­ге­лек есеп­те­гі құны кемін­де 800 мил­ли­он­ның маңын­да болуы тиіс қой. Бірақ хабар тара­ту­шы­лар құры­лы­стың «құны 200 мил­ли­он» бола­ды деп, шығын­ның шотын шақтап қой­ған екен. Ал аны­ғын­да, бұл – үш-ақ қабат­ты бір ғана «Аста­на-опе­ра» теат­ры­ның құны­нан ($230 млн) кем сома: оған бесік­те­гі бала­ның ила­на қоюы да неғай­был. Шама­сы, қым­бат­шы­лық қылқын­ды­рған, тап­шы­лық тары­қты­рған, салы­қтан сығы­лған халы­қтың «шабы­на ши жүгірт­пей­ік» деген болу­ла­ры керек…

Енді қалай болған­да да, «Аста­на-лего» ойын­шы­қта­ры қата­рын­да қым­бат­шы­лы­ғы қырып кетер­дей тағы бір құры­лыс баста­ла­тын бол­ды. Оны халы­қты ойбай­ла­та­тын «ойын­шы­ққа» әуес Назар­ба­ев мыр­за­ның өзі айтып отыр: «Бұл жоба елор­да­мы­здың кел­беті мен рухы­на сай келіп, оның ажа­рын аша түс­кенін қалар едім», – деп, жоба­ны мақұл­дап, Аста­на қала­сы­ның әкі­мі Бақыт Сұл­та­но­вқа жоба­ны іске асы­ру жөнін­де­гі бір­лес­кен жұмыстар­ды баста­уға тап­сыр­ма беріп­ті.

Ал енді осын­дай­да халы­қтың аузын­дағы мәтел­мен: «Итке темір не керек?» десеңіз ғой – әлдекім­ді итке теңе­ген болып шыға­сыз. Отты-сот­ты боп кетуіңіз де ғажап емес: жанқал­та­сын­дағы соты тап­жыл­май тұрған теле­граф баға­нын да қыл­мыс­кер ете сала­ты­нын күн­делік­ті көріп жүр­міз.

Енде­ше теңе­у­ге тап­шы емес­піз: оры­стың «Ешкі­ге сыр­най не керек?» («Зачем козе баян») деген тағы бір ауы­здан-ауы­зға тараған сөзі бар… Итке қараған­да, қазақ үшін жеу­ге жарай­тын жану­ар ғой: аса рен­жи қой­мас…

Айт­пақ­шы, бұл тір­кест­ің түп-төр­кіні ежел­гі грек­тің «nafyka kosse boya» – «нафи­ка кос­се бойа» деген сөзі­нен шыға­ды екен. Ал slovar.wikireading.ru сөзді­гінің айтуы бой­ын­ша, аудар­ма­сы – «бұны к…тіңе тық» деген «тәр­тіп­сіз» тір­кес екен…

P.S. Ал Аста­наға салы­на­тын жаһан­дық жоба­ның жағ­дай­ын­да оны кім «тыға­ды» неме­се «тығуға тиіс»? Әрине, Аста­на­ның «бас архи­тек­то­ры» емес! Оның «ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғы­сы­на» құлағы да көн­дік­кен, еті де өліп біт­кен қара халы­қтың құй­ым­шағы­нан қал­та­рыс тесі­гіне «тықты­ра­ды» да. «Тық­пай» көр!..

Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн