fbpx

Ермұрат Бапи: АЛДАҒЫ САЙЛАУҒА Нұрсұлтан Назарбаевтың ӨЗІ ДАЙЫН ЕМЕС…

Жуы­қта «Қазақ-таймс» интер­нет басы­лы­мы­нан бір жур­на­лист бауы­рым: «Аға, сіз­ден едел-жедел сұх­бат керек боп тұр…» – деп, қолқа салған еді.

Сұрақта­ры уақыт­пен үндес қоғам­дық-сая­си мәсе­ле­лер төңіре­гін­де екен – сұх­бат бер­дім: оны «ДАТ»-тың оқыр­ман­да­ры­на да жет­кі­зей­ін деген оймен газет­тің көшіріп басуы­на ұсы­нған едім.

– Жақын­да үкі­мет «төтен­ше жағ­дай­лар­да ғалам­тор­ды бұғат­та­уға» бай­ла­ны­сты қау­лы шығар­ды. Билік­тің бұл қада­мы нені біл­діреді?

– Бұл – «Суға кет­кен тал қар­май­ды­ның» кебін біл­діреді! Осы заң­ды ақыл-есі дұрыс адам­дар – пар­ла­мент депу­тат­та­ры қабыл­дап отыр­са да, мен осы­лар­дың санаға сый­май­тын қылы­қта­ры­на таң қала­мын: бір жақта жер сіл­кініп, адам­дар зардап шегіп (қыры­лып) жат­са, бұлар бұ жақта интер­нет­ті бұға­у­ла­мақ екен! Көкем-ау, мұн­дай­да, керісін­ше, төтен­ше жағ­дай­дың жай-жап­са­ры мен қауіп-қатерін ел-жұр­тқа кеңі­нен жет­кі­зу үшін интер­нет пен әле­умет­тік желілер­дің мүм­кін­ді­гін кеңі­нен пай­да­ла­ну керек емес пе еді?!

Ал осы заң­да «әле­умет­тік төтен­ше жағ­дай» деген тір­кес бар. Бұл қан­дай төтен­ше жағ­дай? Бұны бүгін­гі Қаза­қстан­да екінің бірі білуі тиіс: ол – билік­тің іс-әре­кеті­нен әбден азар-безер болған халы­қтың алаңға шығуы; билік­ті орны­нан тай­ды­руға ұмты­лған қоғам­ның толқуы мен қозға­лы­сы; сан мың­даған адам­ның билік­ке қар­сы митин­гі өткі­зуі. Міне, билік­тің көк­сеп оты­рға­ны – осын­дай мүм­кін болар халы­қтық талап­ты тыю, алаңға атой­лап шыққан қар­сы­ла­ста­рын басып-жан­шу, қажет бол­са, Жаңаө­зен­де­гі сияқты, халы­ққа оқ ату және осы қан­ды қыл­мысын әлем жұрт­шы­лы­ғы­нан жасы­рып-жабу үшін, интер­нет пен әле­умет­тік желілер­ді тұм­ша­лап тастау.

– Пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Фин­лян­ди­яға жасаған сапа­рын­да «Қаза­қстан­ның негізін қалаған адам ретін­де сай­ла­у­ға қаты­суға құқы­ғым бар» деп мәлім­деді. Қалай ойлай­сыз, 2019 жылы мерзі­мі­нен бұрын пре­зи­дент сай­ла­уы бола ма?

– Болуы әбден мүм­кін! Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың аласұрып, ел-жер­ді ара­лап, халы­ққа жол­да­уын ерте жол­дап, жалақы­ны көте­ру, ком­му­нал­дық тариф­тер­ді түсі­ру тура­лы кезек­ті уәдесін үйіп-төгуіне қараған­да, не кезек­тен тыс пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға, не билік­тің тран­зи­тіне дай­ын­да­лып жатқан сыңай­лы. Мұн­дай сая­си кам­па­ни­яға бәрін сақа­дай-сай етіп қой­ды.

Қаза­қтың бір қушы­кеш келіні айтқан екен: «Ауы­рып жатқан енем алай-бұлай боп кете ме деп, ақы­ретін дай­ын­дап, қабы­рын қазып қой­дық, біз дай­ын­быз, тек енем ғана дай­ын бол­май тұр» деп. Сол сияқты сай­ла­удың бар­лық алғы­шар­ты мен асай-мүсейі дай­ын бол­са да, Назар­ба­ев­тың өзі дай­ын бол­май тұр. Онда дәл қазір екі түр­лі уай­ым бар: бірін­шісі – пре­зи­дент­тік тақта мей­ілін­ше, Құдай ден­са­улық бер­се, мүм­кін­ді­гін­ше ұзақ оты­ра тұру; екін­шісі – аяқ асты­нан «алай-бұлай боп кет­сем, билік­ті кім­ге қал­ды­рам»? Оры­стар айт­пақ­шы, «и хочет­ся, и колит­ся».

Бірақ уақыт деген ұлы құдірет оның арқа­ны кең­ге салып, әліп­тің артын бағып, әлі де жүре тұруы­на қара­май­ды: секунд­тар тықы­лы оған қат­ты сезі­ле баста­ды. Сон­ды­қтан тарих­та жақ­сы атпен қалғы­сы кел­се, халы­қ­пен келі­се оты­рып, қоғам­дық диа­лог жасап, билік­ті өз еркі­мен және дау-дамай­сыз тап­сы­руы керек. Тіп­ті өзі қалаған мұра­геріне де беріп кетуіне бола­ды. Біз ол мұра­гер­ді бірер жыл­дың ішін­де не халы­қтық билік­ке көн­діре­міз, не бұтар-бұтар қыла­мыз. Назар­ба­ев­тан кей­ін тағы бір дүлей­дің тағы да 30 жылғы билі­гіне көне алмай­ды екен­біз!

– Осы­дан бір­не­ше апта бұрын билік­те­гі атқа­мі­нер­лер­ден бастап, оппо­зи­ци­яда жүр­ген аға-көке­лер­ге дей­ін «ком­со­мол­дың 100 жыл­ды­ғын» той­ла­ды. Бұл олар­дың қоғам­ның көңіл-күйі мен бүгін­гі күн тренд­тері­нен бей­ха­бар­лы­ғы­ның көрінісі ме, жоқ әлде ел тұтқа­сын ұстаған алды­ңғы буын сол заман­ды аңсап жүр ме?

– Бұл – елде нақты бір про­грес­с­шіл даму идео­ло­ги­я­сы­ның жоқты­ғы­нан туған әумесір­лік әре­кет. Пре­зи­ден­ті «руха­ни жаңғы­ру» керек деп жатыр, ал кеше­гі ком­со­мол­дың көсем­дері өткен күнін аңса­уда – бұл нағыз керітарт­па­лық кесір­лік­тің кебі! Дәл осы ком­со­мол­дың дөң­ге­лек дата­сын атап өту­ге Назар­ба­ев иша­ра біл­дір­ме­ген­де, Қуа­ныш Сұл­та­нов, Иманға­ли Тасмағам­бе­тов, Бірға­ным Әйті­мо­ва сияқты билік­тің жан­дай­шап­та­ры мұн­дай күй­ре­ген импе­ри­я­ның күресінін­де­гі жиы­ны­на бас сұғу­дан тыша­дай болар еді.

– «Жаңа Қаза­қстан» фору­мы­ның мүше­сі екен­ді­гіңіз бел­гілі. Жал­пы, қазір форум немен айна­лы­сып жатыр?

– Форум әзір­ге мем­ле­кет­тік тір­ке­уден өту­ге әре­кет жасап жатыр. Тір­ке­усіз ұйым­ды «экс­тре­ми­стік» деп тану – біздің билік пен сот үшін шырт түкіру­ге тұр­май­ды: ертең­гі күні форум мүше­лері «сая­си лаң­кес» бола қалуы ғажап емес. Оның үстіне про­ку­ра­ту­ра ескер­ту жасап қой­ды: тір­кел­ме­ген ұйым­ның сая­си кам­па­ни­я­сын жүр­гізу­ге бол­май­ды деп.

– Ұзақ жыл­дан бері «Дат» жоба­сы­мен бір­ге билік­тің оппо­нен­ті болып келесіз. Егер пре­зи­дент­пен кез­де­сетін мүм­кін­дік бол­са, айтар қан­дай даты­ңыз бар?

– Пре­зи­дент­пен кез­де­судің және оған сұрақ қою­дың сәті туса: «Көке, шар­ша­ма­ды­ңыз ба? Халық сіз­ден әбден қажып біт­ті. Есіңіздің барын­да еркіңіз­бен неге кет­пей­сіз?» – дей­тін едім. Қай­дам, өзін пай­ғам­барға, Қаза­қстан­ның ірге тасын қалаған жалғыз тұлғаға балап жүр­ген адам түсіне ме, жоқ па – оған күді­гім көп: бірақ оның мұн­дай талап­ты есті­мей жүр­гені анық. Халы­қ­пен сана­су­дан қалған авто­крат­тың меңіреу бола­тын әдеті бар…

Qazaqtimes.com

Республиканский еженедельник онлайн