fbpx

Екінші жекешелендіру ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?

Елі­міз­де жеке­ше­лен­дірудің екін­ші толқы­ны жүріп жатыр. Бұл эко­но­ми­ка­лық сасат тұрғы­сын­да қара­пай­ым халы­қтың мағлұ­ма­ты тым тап­шы: себебі – жеке­ше­лен­дірудің екін­ші толқы­ны ірі капи­та­ли­стер мен оли­гарх-маг­нат­тар ара­сын­да жүріп жатыр. Бірақ, айна­лып кел­ген­де, бұл сая­сат­тың мүм­кін болар пай­да­сын да, жанын жей­тін зия­нын да тата­тын – қара­пай­ым халық.

Жал­пы, жеке­ше­лен­дірудің басты мақ­са­ты – ұлт­тық эко­но­ми­ка­ның тиім­ділі­гін арт­ты­ру, бюд­жет тап­шы­лы­ғын азай­ту, мем­ле­кет­тік иелік­те­гі үле­стер­ді жеке нысан­дарға беру арқы­лы бәсе­ке­лес биз­не­сті қалып­та­сты­ру. Бірақ клас­си­ка­лық капи­та­лизм тұрғы­сын­дағы бұл талап жемқор­лық жай­лаған қаза­қстан­дық жағ­дай­да қалай жүзе­ге асып жатыр – мәсе­ленің мәні осын­да. 90-жыл­дар­дағы жеке­ше­лен­діру­ден бас­па­на мен ұлта­рақтай жер телі­міне ғана ие болып қалған халық «жеке­ше­лен­ді­ру» деген ата­удың өзі­нен әбден үркіп қалған. Халы­қтың бұл эко­но­ми­ка­лық үрдіс­ке сенім­сіздік­пен қарай­ты­ны да сон­ды­қтан.

Себебі, 90-шы жыл­дар­дан бер­гі жеке­ше­лен­ді­ру қара­пай­ым халы­қтың әл-ауқа­тын көте­ре алма­ды. Ал осын­дай жағ­дай­даға тап болған халы­ққа екін­ші жеке­ше­лен­ді­ру не береді? Жұмыс­сызды­қтың жап­пай белең алуы, елдің әле­умет­тік-тұр­мыс жағ­дай­ы­ның күр төмен­де­уі, ң несие қамы­ты­на тап болуы, кедей­шілік­тің асқы­нуы және эко­но­ми­ка­дағы тағы басқа кері кет­кен көр­сет­кі­ш­тер­дің бар­лы­ғы – түп­теп кел­ген­де, жеке­ше­лен­дірудің «жемісі».

Жал­пы, ақпа­рат ағы­мын­дағы көп­те­ген деректер­ге қараған­да, жеке­ше­лен­дірудің екін­ші толқы­ны қалай жүретіні, жілік­тің май­лы басы кім­дер­ге бұй­ы­ра­ры әлдеқа­шан шешіліп қой­ы­лған мәсе­ле сияқты. Бұл сауда сат­ты­ққа ірі капи­та­ли­стер мен билік­тің маңай­ын­дағы оли­гарх­тар бол­ма­са, қара­пай­ым биз­нес өкіл­дерінің қаты­сып, одан сыбаға алуы неғай­был.

Қаз­ТАГ агент­ті­гінің бұдан бұрын хабар­лаға­нын­дай, 2014 жыл­дағы 30 сәуір­де бекітіл­ген Қаза­қстан үкі­метінің №429 қаулы­сы бой­ын­ша, ден­са­улық сақтау сала­сы­ның ірі кли­ни­ка­лық нысан­да­ры – Көз ауру­ла­ры ғылы­ми-зерт­теу инсти­ту­ты, Рес­пуб­ли­ка­лық Уро­ло­гия орта­лы­ғы; мәде­ни­ет сала­сы­ның – «Қаза­қ­фильм» кино­сту­ди­я­сы, Алма­ты­дағы Рес­пуб­ли­ка сарайы, Қазақ мем­ле­кет­тік цир­кі, «Қаза­қстан» сана­то­рийі сияқты меке­ме­лері әлдеқа­шан жеке қолға өтіп кет­кен.

Ал енді­гі кезек­те агро­сек­тор­дың «Қаза­гро», «Қаза­гроқар­жы, «Мал өнім­дері» ком­па­ни­я­сы сияқты ірі сала­ла­рын, білім мен ғылым­ның рес­пуб­ли­ка­лық ошақта­рын жеке­ше­лен­ді­ру үрдісі бастал­ды. Осы орай­да бел­гілі эко­но­мист, Қаза­қстан Ғалым­дар одағы­ның пре­зи­ден­ті, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты Ора­за­лы Сәб­ден мыр­за­ны сөз­ге тарт­тық.

– Енді­гі жеке­ше­лен­дірудің аста­рын­да не жатыр? Ол қара­пай­ым халы­ққа не береді? Қар­жы­лық түсі­мі тұрақты пай­да­лы нысан­дар­ды билік­ке жақын тұлға­лар алып жатыр деген пікір­ге қан­дай ой қосар едіңіз?

– Бүгін­гі жеке­ше­лен­діру­ге түс­кен нысан­дар – осы күн­ге дей­ін­гі мем­ле­кет­тікі, халы­қтікі болып кел­ген мәде­ни­ет сала­сын­дағы ірі орта­лы­қтар болып тұр. Мұн­дай мәсе­лені сауда-сат­ты­ққа шыға­рар алдын­да Пар­ла­мент­тің тың­да­уын өткі­зу керек еді. Бұл жер­де бей­ре­сми ұйым­дар, яғни, қоғам­дық ұйым­дар да ат салы­сқа­ны жөн. Қоғам­дық ұйым­дар – бұл халық! Мәсе­лен, «Қаза­қ­фильм» кино­сту­ди­я­сын жеке­ге бере­рден бұрын, елі­міз­ге бел­гілі де бедел­ді тұлға­лар – Асанәлі Әші­мов пен Ермек Тұр­сы­нов аза­мат­тар­дың пікірін тың­дау керек бола­тын.

Жақын­да ғана Елба­сы Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы Фин­лян­ди­яда болып қайт­ты. Бар-жоғы 5 мил­ли­он фин халқы­ның 120 мың бей­ре­сми қоғам­дық ұйым­да­ры бар екен. Яғни, 40 ада­мға бір қоғам­дық ұйым­нан келеді. Қоғам­дық ұйым­дар қашан­да халы­қтың жоқта­у­шы­сы болып табы­ла­ды. Сон­ды­қтан үкі­мет біз­де­гі мем­ле­кет­тік ірі нысан­дар­ды, оның үстіне мәде­ни­ет­тің қай­нар көзі болып табы­ла­тын ірі ошақтар­ды жеке­ге беру үрдісі кезін­де қоғам­дық ұйым­дар­ды, әле­умет­тік сарап­шы­лар­ды барын­ша қаты­сты­руы керек еді.
Ал біздің бедел­ді биз­не­смен­дер тек сатып алу мен сату арқы­лы түсетін пай­да­ны ғана көз­дей­ді. Биз­нес өкіл­дері мәде­ни-әле­умет­тік салаға қара­жат құй­ғы­сы кел­се, сол берілетін қар­жы­ны салы­қтан боса­ту керек деген заң қабыл­дау қажет. Әле­умет­тің көзқа­ра­сын, пікірін тың­дағы­сы кел­ме­ген жер­де, демек, әле­умет­тік инно­ва­ция жоқ деген сөз.

– Ал білім сала­сын, әсіре­се жоғарғы оқу орын­да­рын жеке­ше­лен­діру­ге қаты­сты көзқа­ра­сы­ңыз қан­дай?

– Иә, білім орда­ла­ры – уни­вер­си­тет­тер де жекенің үлесіне беріледі деген хабар ақпа­рат ағы­нын­да жел­дей есіп жүр. Онсыз да елде сапа­сы төмен көп­те­ген жеке оқу орын­да­ры бар. Жыл­да қысқар­ту керек деп айты­ла­ды, бірақ бұл жасал­май­ды. Егер білім ошақта­ры жеке­ше­лен­діру­ге кет­се, онда білім­нің де саудаға кет­кені. Бола­шақ ұрпақ білім­сіз өседі деген сөз. Кей­де ойлай­сың, біз осы білім­сіз ел болып бара жатқан жоқ­пыз ба деп?

Менің ойым­ша, әр облы­ста бір-бір ірі мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі уни­вер­си­тет болу керек. Рек­тор­лар­ды, ғылы­ми-зерт­теу инсти­тут­та­ры­ның дирек­тор­ла­рын жоға­ры­дан тағай­ын­да­май, ғылы­ми кеңе­стер мен ұжым­дар сай­лау керек. Уни­вер­си­тет­тер­де жоға­ры­дан əкім­шілік басқа­ру­ды қысқар­тып, өзін-өзі, ғылыми­кеңестер арқы­лы басқа­ра­тын демо­кра­ти­я­лық жолға түсі­ру қажет.
Білім­нің жоғарғы мақ­са­ты – ада­мға жай ғана білім беріп қой­май, руха­ни адам­ды тәр­би­е­леу. Егер білім мен ғылым нысан­да­ры жап­пай жеке­ше­лен­дірілетін бол­са, онда ары қарай мем­ле­кет мен­ші­гін­де­гі нысан­дар­дың бәрін де жеке­ге алса, не болға­ны? Бұл бұқа­ра халық үшін керек пе?! Ашы­ғын айту керек, біз білім­ді тау­арға айнал­ды­рып жібер­дік.

Жеке­ше­лен­ді­ру ақша мәсе­лесі­мен іске аса­тын болған­ды­қтан, мұн­дай қоғам­ды мәң­гүрт­тік жай­лай­ты­ны сөз­сіз. Себебі, қазір­ге дей­ін тек күн көрістің қамы­м­ен кел­ген қара халы­қтың «ары қарай не бола­мыз» деген­ді ойла­уы – заң­ды сұрақ. Ал мәң­гүрт­тік­ке жол бер­мей­міз деп, жан­та­ласқан аз ғана топ, бүгін­ге дей­ін «эко­но­ми­ка­ның пай­да­сын көр­мек түгілі, отба­сын­дағы үнем­де­уден шар­ша­дық» деп, боздап жүр­ген халы­ққа ара­ша­шы бола алар ма екен?

Жари­я­ла­ным­ды дай­ын­даған –
Шара ҚҰРБАНОВА

Республиканский еженедельник онлайн