fbpx

АҚШАНЫ ТАУЫСҚАН СОҢ, АЛТЫН САТА БАСТАДЫҚ…

Қаза­қстан­ның Ұлт­тық бан­кі сыр­тқы нары­ққа қаза­қстан­дық өндіріс­шілер­дің екі тон­наға жуық алты­нын валю­таға сату­ды жос­пар­лап отыр, деп хабар­лап­ты Қаз­ТАГ.

Осы хабар­дағы «қаза­қстан­дық өндіріс­шілер­дің алты­ны» деген тір­кес көп күдік туды­ра­ды. Егер бұл алтын жеке кәсіп­кер­лік меке­ме­лер­дің алты­ны бол­са, оны сыр­тқы нары­ққа сатуға Ұлт­тық банк неге ара­ла­са­ды? Бұл алтын­ды екін­ші дең­гей­лі банк­тер арқы­лы еркін сатуға не кедер­гі? Неме­се алтын өнді­ру және сауда­лау жөнін­де­гі мем­ле­кет­тік рұқ­са­ты (лицен­зи­я­сы) бар кәсі­по­рын оны әлем­дік алтын бир­жа­ла­ры арқы­лы неге еркін сауда­лай бер­мей­ді? Қаза­қстан­дағы алтын қоры­ның 4 пай­ы­зы бола­тын екі тон­наға жуық алтын­ды қай қаза­қстан­дық кәсі­по­рын­дар өнді­ре қой­ды екен?

Осы сұрақтар­дың аста­ры­на үңілер бол­сақ, «сыр­тқы нары­ққа валю­таға саты­ла­тын екі тон­наға дей­ін­гі алтын» қаза­қстан­дық алтын-валю­та қоры­ның алты­ны болуы мүм­кін. Алтын нары­ғы­на бай­ла­ны­сты ере­же бой­ын­ша, алтын­ды «қаза­қстан­дық өндіріс­шілер» өнді­ре ме, жоқ әлде ол алтын-валю­та қорын­дағы алтын ба – бар­лы­ғы да мем­ле­кет­тік қазы­на­лық бай­лық болып табы­ла­ды. Егер мил­ли­ар­дер-оли­гарх Болат Өте­мұра­то­втың иелі­гін­де­гі маман­дан­ды­ры­лған ең ірі алтын өндіру­ші ком­па­ни­я­лар тобы Қаза­қстан­да жылы­на жар­ты тон­на­дан асар-аспас алтын өндіретін бол­са, екі «Газель» авто­көлі­гіне жүк болар­лық алтын кімнің/кімдердің бай­лы­ғы болға­ны?

Қар­жы­гер-сарап­шы­лар­дың осы екі тон­на алты­нға қаты­сты пікір­лерін сұра­с­ты­ра кел­ген­де, сыр­тқы нары­қта жүретін валю­та­лық бұл сауда-сат­ты­ққа Қаза­қстан үкі­меті мен Ұлт­тық банк тіке­лей мүд­делі болып оты­рған сыңай­лы. Әйт­пе­ген­де «қаза­қстан­дық өндіру­шілер­ден» Ұлт­тық банк­тің өзі емін-еркін сатып ала берер еді. Яғни, «түбі тесіл­ген» Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы қар­жы­ға, қар­жы болған­да – валю­таға қат­ты мұқтаж болып оты­руы әбден мүм­кін.

Еске сал­сақ, 2018 жыл­дың 5 қара­ша­сын­дағы стат­де­рек бой­ын­ша, Қаза­қстан қорын­да 342 тон­на алтын бар екен. Оның құны Қаза­қстан­ның жар­ты жыл­дық бюд­жетіне де жет­пей­ді – небәрі 13,5 мил­ли­ард дол­лар ғана.

Ал енді мына қызы­қты қараңыз: осы жыл­дың тоғыз айы ішін­де $3,1 млрд қаза­қстан­дық капи­тал порт­фель­дік инве­сти­ция ретін­де сыр­тқа кет­кен. Бұл біздің алтын қоры­мы­здың төрт­тен біріне пара-пар сома. Демек, біздің эко­но­ми­ка біре­у­ге беріп, екін­ші біре­уден валю­та­ны алты­нға сатып алып, лекер­леп күн көріп оты­рған жоқ па?

Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн