fbpx

АФРИКАҒА ЕШКІ ТАРАТУ немесе Мемлекеттің мақсаты мен міндеттері не еді?

Әбдіра­шит БӘКІРҰЛЫ,
фило­соф

Бүгін­де қоғам­дық көңіл-күй өте-мөте толқы­ма­лы болып тұр… Бұл маза­сызды­қты ушы­қты­рып алмау үшін, мем­ле­кет зор күш жұм­са­уда − бар­лық күштік құры­лым­дар, әкім­шілік­тер, сот­тар жап­пай осы іске жұмыл­ды­ры­лған. Бірақ әлем­желі­де «мем­ле­кет­тік бақы­ла­удың» тұрақты­лық кепілі бола ала­ры­на күмән көбейе түсу­де.

Бұл жағ­дай елі­міз­де қоғам мен билік арақа­ты­на­сын­да өза­ра сенім­нің орны­ға алмауы­нан туын­дап отыр десе бола­ды. Қоғам­да бұдан өзге де сұрақтар жет­кілік­ті. Мәсе­лен, «Ұлт­тық сана мен мәде­ни­ет­тің даму дең­гейі зама­на қой­ып оты­рған сұрақтарға жау­ап беру­ге дай­ын емес» деген тұжы­рым­дар да кей­ін­гі кез­де жиі айты­ла баста­ды. Бұл сөздің аста­рын­да бір­ша­ма ащы шын­дық бар. Себебі аза­мат­тық қоғам ел басқа­ру ісі­нен шет­тетіл­ген жағ­дай­да − мем­ле­кет­тік даму жау­ап­кер­шілі­гі тек билік­тің «жеке шаруа­сы­на» айна­ла­ды.

Сөй­тіп, мем­ле­кет­тік даму­дың ірге­та­сы сана­ла­тын идео­ло­ги­я­лық өріс – ортақ мақ­сат туын­да­май­ды. Сон­ды­қтан да біздің «ұлт­тық жаңғы­ру» зама­на көші­нен қалып қой­ды. Оған дәлел ретін­де елі­міздің әлі де «сер­пін­ді эко­но­ми­ка­лық секіріс­ке», «сер­пін­ді әле­умет­тік инфрақұры­лым қалып­та­сты­руға», «сер­пін­ді мәде­ни өрле­у­ге» қол жет­кі­зе алмай оты­рға­нын айт­сақ бола­ды. Мұн­дай жағ­дай қоғам­ның зия­лы қауы­мы­на, ұлт­тың интел­лек­ту­ал­ды алғы шебіне (аван­гард) күш сала­ды. Олар ұлт­тық ағар­ту жау­ап­кер­шілі­гін өз ерік­тері­мен мой­ын­да­ры­на алу­ла­ры тиіс.

(Редак­ци­я­ның сұра­уы­мен жазы­лған және газет­тің осы саны­нан бастап ұсы­ны­ла­тын мақа­ла­лар сери­я­сы осы мақ­сат­та жазыл­ды, әрі зия­лы­лар тара­пы­нан түсіністік таба­ды деп ойлай­мыз – Ред.).

Мем­ле­кет қыз­метінің мақ­са­ты мен шека­ра­сы

Осы­дан он жыл бұрын – 2008 жылы, Қызы­лор­да қала­сын­да «Тұмар» бас­па­сы­нан фило­со­фия ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты Оңғар Бер­ма­ха­но­втың «Мем­ле­кет пен аза­мат­тық қоғам­ның өза­ра қаты­на­ста­ры» деген моно­гра­фи­я­сы басы­лып шыққан бола­тын. Кітап­тың тара­лы­мы – 1000 дана. Мәсе­ле қоғам мен билік қаты­на­сы тура­лы болып оты­рған­ды­қтан, бұл кітап кеңі­нен наси­хат­талған жоқ. Себебі әрбір авто­ри­тар­лы мем­ле­кет аза­мат­тық қоғам­ның дамуы­нан сақта­на­ды, үркеді. Бұл заң­ды­лық өзгер­ген емес, оны «қаза­қстан­дық авто­ри­та­ризм» де өзгер­те алмас.

Осы тұрғы­да Оңғар аға­мы­здың кіта­бы бір­ша­ма құн­ды мәсе­ле­лер­ді көте­реді. Мыса­лы, автор ойы «аза­мат­тық пози­ция үздіксіз оппо­зи­ци­я­лық күре­спен (шыны­ғу) ғана емес, аза­мат­тар­дың қоғам тура­лы білім­дерінің үде­мелі түр­де кеңей­іп оты­руы­мен де қалып­та­са­ды» дей­ді. Мұны­мен қалай келіс­пей­сің? Сон­ды­қтан аталған моно­гра­фи­я­ны негіз­ге ала оты­рып, аза­мат­тық қоғам мен мем­ле­кет арақа­ты­на­сы тура­лы білі­мі­мізді толы­қты­ру­ды жөн сана­дық. Әдет­те «тақы­рып­ты ашу үшін» қол­да­ны­сқа түсетін басты тер­мин­дер мен ұғым­дар­дың аны­қта­ма­ла­рын аны­қтап алған дұрыс. Біз де осы ере­же­ге бағы­на­ны­мыз.

Осы уақы­тқа дей­ін «мем­ле­кет» деген ұғым­ның халы­қа­ра­лық қалып­тасқан аны­қта­ма­сы жоқ. Тіп­тен әлі күн­ге дей­ін БҰҰ-ның өзі де «қай елді мем­ле­кет деп санау-сана­мауда» бір тоқта­мға келе алмай отыр. Қазір­гі заман мем­ле­кет­тері көп жағ­дай­да оны басқа мем­ле­кет­тер­дің сая­си тұрғы­да тануы­мен мой­ын­да­ла­ды. Ал көп­те­ген клас­си­ка­лық аны­қта­ма­лар­да «мем­ле­кет дегені­міз − қоғам­ның өмір сүруін қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да қоғам­ды биле­удің және басқа­ру­дың (мәж­бүр­ле­удің) сая­си құра­лы» деп айты­ла­ды. Оның басты бел­гілері: жері, тәу­ел­сізді­гі, тәу­ел­сіздік атри­бут­та­ры, ақша­сы, заң шыға­ру мен оны рет­теу құқы және т.б. болуы керек.

Мем­ле­кет­тер­дің біз­ге жет­кен түр­лері − Ежел­гі грек қала-мем­ле­кет­тері тура­лы көне заман фило­соф­та­ры­ның еңбек­терін­де сипатталған. Мәсе­лен, әуел баста ари­сто­кра­ти­я­лық демо­кра­ти­яға негіз­деліп құры­лған поли­стік мем­ле­кет­тер­де­гі баста­пқы демо­кра­тия өмір­шең бола алма­ды. Уақыт өте келе, поли­стер­де­гі рес­пуб­ли­ка­лық басқа­ру тез ара­да фор­маль­ды демо­кра­ти­яға – оли­гар­хи­я­лық, дес­по­ти­я­лық және т.с.с. нашар мем­ле­кет­тік фор­ма­ларға айнал­ды.

Осы­ны бай­қаған Пла­тон «дұрыс мем­ле­кет тек ғылы­ми негіз­де құры­луы тиіс» деген посту­лат­ты бірін­ші болып қабыл­да­ды. Ол аза­мат­тық қоғам­ды «жеке адам» және «қоғам­дық адам» деп бөл­ді. Сая­сат­тың басты мін­деті – «адам­ды зерт­теу». Адам жақ­сы­лы­ққа ұмты­ла­ды.

Енде­ше мем­ле­кет­тің басты мақ­са­ты – жақ­сы­лық болуы тиіс. Бірақ «жақ­сы­лы­қтың» не екенін көп­шілік біл­мей­ді. Сон­ды­қтан оны аны­қтап оты­ру, қоға­мға жол көр­сетіп оты­ру – фило­соф­тарға тап­сы­ры­луы тиіс (О.Бермаханов… 11-бет). Яғни, Пла­тон «мем­ле­кет­ті басқа­ру» ісіне «бол­мысын­да жақ­сы­лы­ғы мол, өзі де фило­соф­тар секіл­ді білім­ді, терең ойлы» тұлға кел­генін қалаған екен. Әрине, ол кез­де «ғылым ата­сы» фило­со­фия болған­ды­қтан − Пла­тон­ның білім­ді, терең ойлы адам­ды «фило­соф» деп атаға­ны айт­па­са да түсінік­ті шығар. Бұл, шын мәнісін­де, мем­ле­кет фор­ма­сы ретін­де «ари­сто­кра­ти­я­лық рес­пуб­ли­ка» болып табы­ла­ды. Бірақ «мем­ле­кет­ті басқа­ру» ісін­де Пла­тон эта­ти­ка­лық ағы­мға басым­дық беретінін бай­қай­мыз.

Ари­сто­тель мем­ле­кет­тік билік­ті «адам­дар билі­гі» және «заң билі­гі» деп екі­ге бөледі. Адам билі­гі – «монар­хи­я­лық және ари­сто­кра­ти­я­лық мем­ле­кет» деп атал­са, заң билі­гі – демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет атал­ды. Ең тиім­ді басқа­ру жолы – заң билі­гіне бағын­ды­ры­лған көп­шілік билік. Бірақ бай­лар мен кедей­лер бола­ды. Олар­дың ара­сын­да тұрақты түсі­ну­шілік пен бітім­гер­шілік болуы тиіс. Бұл қазір­гі «құқы­қтық мем­ле­кет» деген ұғы­мға өте жақын.

Марк Цице­рон «мем­ле­кет – заң қоға­мы. Бай­лық пен қабілет­ті теңе­сті­ру мүм­кін бол­маған­да – қоғам мүше­лерін заң алдын­да теңе­сті­ру әбден мүм­кін. Егер мем­ле­кет­тің көз­де­гені әділ­дік бол­са, онда оның фор­ма­сы­ның қан­дай екенінің еш маңы­зы жоқ» деді.
Соны­мен, осы­лар­ды қоры­тын­ды­лай келе, Пла­тон­ның − «эта­тизм», Ари­сто­тель­дің − «клас­си­ка­лық либе­ра­лизм», Цице­рон­ның – «құқы­қтық мем­ле­кет» түсінік­терінің негізін қалаға­нын көре­міз (Сон­да, 12-бет. Ол тура­лы кей­інірек).

Енді ара­лық сөз түй­іні ретін­де осы айты­лған­ды өзі­міздің Қаза­қстан атты мем­ле­кеті­міз­ге қаты­сты қай­та қарап өтей­ік:
«Мем­ле­кет­ті басқа­ру­да білім маңы­зды» деген­де – біз­де­гі білім беру сала­сын­дағы 27 жыл бойы тау­сыл­май, әлі де бір арнаға түсе алмаған, мин­стр­лері ең көп ауы­сқан «білім беру жүй­есі» мен ондағы «тау­сыл­май­тын рефор­ма­лар» еске түседі.

Жоға­ры­да айты­лған «баста­пқы демо­кра­тия өмір­шең бола алма­ды. Уақыт өте келе, поли­стер­де­гі рес­пуб­ли­ка­лық басқа­ру тез ара­да фор­маль­ды демо­кра­ти­яға – оли­гар­хи­я­лық, дес­по­ти­я­лық (клан­дық) және т.с.с. мем­ле­кет­тік фор­ма­ларға айнал­ды» деген сөз біз­де толы­ғы­мен жүзе­ге асты десе бола­ды…

«Мем­ле­кет­тің басты мақ­са­ты – жақ­сы­лық болуы тиіс» деген прин­цип жүзе­ге аспа­ды. Әуелі ұжым­дық негіз­де бір-біріне сел­бесіп өмір сүріп, елді етпен-сүт­пен, азы­қ­пен-асты­қ­пен қам­та­ма­сыз етіп жатқан ауыл адам­да­рын кез­дей­соқ бас­шы­лар­дың аяу­сыз тона­уы­на жол беріп алдық. Бұл жақ­сы­лық емес еді – ауыл қирап қал­ды… Жастар қаңғы­рып кет­ті. Ұлт­тық бол­мыс өз кел­бетін жоғал­та баста­ды…
Елде меди­ци­на­ны өркен­де­те оты­рып, адам­ның өмір сүру ұза­қты­ғын арт­тыр­май жатып, тұр­мысы төмен аза­мат­тар­дың зей­нет­кер­лі­гін 63 жасқа көтеріп жібер­дік. Енді әйел­дер де сол жасқа келе жатыр. Бұл да жақ­сы­лық емес – әйел­дер зей­нет­кер­лік­ке жет­кен­ше….

Сая­сат­тың басты мін­деті «адам­ды зерт­теу» деген­де, біз­де­гі «жұмысқа алу-тұру» еске түседі… Біздің маңай­да Дина­ра есім­ді келін­шек ауыл­дан келіп сүт сата­ды. Сиыр­ла­рын қол­дан қашыр­тқы­зып, бір­ша­ма асыл­дан­ды­рып, бір өзі талай жұмыс атқа­рып­ты. Сол айта­ды: «Шару­а­шы­лы­ғым­ды кеңейт­сем бе деп, мен сияқты шару­а­ларға қара­жат қарас­ты­ры­лған деген­ді естіп, «Дамуға» бар­дым. Сөйт­сем, ондағы оты­рған жастар менің жос­па­рым­ды түсін­бек түгілі, сиыр­дың желінін­де қан­ша емшек бола­ты­нын да біл­мей­ді екен. Мен «шама­ма қарай мал басын көбей­ту­ге» көмек сұра­сам, олар маған «лизинг­тік сүт зауы­тын» ұсы­на­ды… «Қазір­гі күн­көрі­стен ажы­рас­ам − зауыт ашқан­ша өліп қалам, одан кей­ін ол зауыт кім­ге керек?» десем, кір­пік­тері жыпы­лы­қтап, жау­ап бере алмай­ды. Сосын жөні­ме кет­тім», – дей­ді.

Сон­ды­қтан «адам­ды зерт­теу» бар екеніне күмән көп. Есесіне – «ада­мға назар сал­мау» атты бюро­кра­ти­я­лық үрдіс белең алып бара­ды…

Пла­тон «мем­ле­кет­ті басқа­ру» ісіне «бол­мысын­да жақ­сы­лы­ғы мол, өзі де фило­соф­тар секіл­ді білім­ді, терең ойлы» тұлға кел­генін қалаған» деген­ге кел­сек – «айта-айта Алтай­ды, Жамал апам қар­тай­ды» деген сөз еске түсе кете­ді. Сол айтқан­дай, біздің жүй­е­де бас­шы­лар әрбір саты­дағы атқарған ізгі істеріне, жақ­сы­лы­ғы­на, ақы­лы­на және көп­те­ген ада­ми қаси­ет­теріне қарап баға­лан­са, олар мем­ле­кетін кім көрін­ген­нің тала­у­ы­на бер­мес еді.

Өкініш­ке қарай, біздің басқа­ру жүй­есіне небір кез­дей­соқ адам­дар, аты­шу­лы ала­яқтар, пысы­қтар оңай өтіп кете ала­ды. Осы жағы­нан алған­да, билік жүй­есі қорған­сыз әрі шара­сыз күй­де қалып отыр. Есесіне, халы­қты, ұрпақты пат­ри­от болуға үндей оты­рып, өздері мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің басты атри­бу­ты сана­ла­тын – «мем­ле­кет­шіл­дік» прин­ци­пін ұстан­бай­ды. Халық пен оның суб­стан­ци­я­сы сана­ла­тын мем­ле­кет мүд­десін ойла­май­ды – «билік ету» аспан­нан түс­кен несі­бе сана­ла­ды, әрі өздерін соған лай­ы­қты ұстай­ды.

Сон­ды­қтан біз­де Гегель­дің мына бір ойы жүзе­ге асты деу­ге бола­ды: «Халы­қтың пара­са­ты, сал­ты, мінез-құлқы мем­ле­кет­тің суб­стан­ци­я­сын құрай­ды. Сон­ды­қтан әр халы­қтың өзіне сай және өзіне сәй­кес келетін мем­ле­кеті бола­ды» деген екен… Гегель қазақ болған­да – «апа­ма жез­дем сай» деп, бір-ақ ауыз сөз­бен қай­ы­ра салар ма еді?!.. Бол­ма­са «тең – теңі­мен, тезек – қабы­мен» деп күр­делі ойға кетер ме еді?.. Қалай десек те, бұл біз үшін өте ауыр вер­дикт – Гегель «билік «өне­гесі» ұлт қаны­на сіңіп, ұлт тәнін іштен жей баста­ды» деген диа­гноз­ды айтып тұр.

«Адам­дар билі­гі» және «заң билі­гі» деген­де – «адам­дар билі­гінің» үстем болға­нын күн­делік­ті көріп жатыр­мыз. Себебі біз­де бір-біріне егіз­дей ұқсас тәр­тіп бұзу­шы­лы­ққа (қоға­мға жат әре­кет­ке, қыл­мысқа) әр жер­де әрқа­лай қарай­ды. Ол Заңға деген тәу­ел­ділік­тен емес, Ада­мға – яғни, өзін тағай­ын­даған шен­ді­ге, оның жағ­дай­ы­на, ол құрған «жай­лы жүй­е­ге» деген тәу­ел­ділік­тен туын­дай­ды. Ол бол­маған жағ­дай­да – сыбай­ласқан жемқор­лық іске кірі­су­ге әзір…

Қазір билік те «кор­руп­ци­я­мен күрес» мәсе­лесін қолға ала баста­ды. Апта сай­ын «бір лау­а­зым­ды шен­ділер ұста­лып­ты» деген хабар­лар «дүңк» етіп естіліп жатыр… Себебі оның (кор­руп­ци­я­ның) кесірі­нен билік­тің өзінің «мем­ле­кет­ті нығай­ту» (яғни, «өз билі­гіңді нығай­ту») әре­кет­теріне қауіп төне баста­ды. Сон­ды­қтан бұл күре­сте де «Заң билі­гі» алда тұр­маған­ды­қтан – «кор­руп­ци­я­мен күрес» еш нәти­же бере алмауда. Себебі «адам билі­гі» аман бол­са, кез кел­ген кор­руп­ци­о­нер өзінің «сүт­тен ақ, судан таза» болып шыға­ры­на сенім­ді! Ал егер заң «заң бол­са», онда құқы­қтық мем­ле­кет­тің негізі қала­нып, беті­мен кет­кен жемқор­лық сап тиы­лар еді…

Енді «Бай­лар мен кедей­лер бола­ды. Олар­дың ара­сын­да тұрақты түсі­ну­шілік пен бітім­гер­шілік болуы тиіс» деген посту­латқа тоқта­лай­ық. Мұны айта бер­сек, жыры тау­сыл­мас. Біздің оли­гарх­тар өз ақша­ла­рын Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на құю­дан қаша­ды. Олар қар­жы­сын шет­те ұстап, дамы­ған мем­ле­кет­тер­дің және қар­жы­лық орта­лы­қтар­дың эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ы­на үле­стерін қосу­да. Қоғам­да «түсі­ну­шілік пен бітім­гер­шілік» болуы үшін «солай болай­ық» дей салу аз. Ол үшін баста­пқы мөл­шер­де қоғам мүше­лерінің бір-біріне деген мей­ірім­ділі­гі қажет. Біз­де ол бар ма?

Қара­пай­ым мысал кел­тірей­ін: Шым­кент­тен Марат Боры­қ­бай «Фейс­бук­та» былай жазып­ты:

«Мен осы «Асыл арна­ны» түсіне алмай­мын, бар ғой. Дін­де де, «алды­мен өзіңді, сосын және өзіңді, онан соң барып ағай­ын-туыс-жақын­ды, артыл­са ғана − өзгені жары­лқа» деме­уші ме еді? Күні кеше қарай қой­сам, айда­ла­дағы афри­ка­лы­қтарға апа­рып, ешкі және т.т. тарқа­тып жүр дей­ді… Әрі оларға «афри­ка­лық ағай­ын­дар» және т.т.» деп қоя­ты­нын қай­тер­сің?! Құдай-ау, таратқыш бол­саң, өз қаза­ғың көп қой, небір тары­ғып, бір қолын екі ете алмай жүр­ген! Тіп­ті маған-ақ әкеліп бер­ші сол бір­не­ше ешкіңді − маған да арты­қтық етпес еді. Мен жақын ағай­ын шығар­мын-ау сіз­дер­ге анау «афри­ка­лы­қтан» гөрі» деп­ті…

Бұдан артық не айтар­сың! Осы­дан бір­ша­ма уақыт бұрын «рохи­нья» деп ете­гі­міз жасқа тол­ды, ара­кідік «ауған» деп еңіреп қоя­мыз… Ал бірақ ешқа­шан да «ашқұр­сақ жүр­ген ауыл­да­сы­мы­зды қамқор­лы­ққа алай­ық, бала­ла­ры дені сау, оқы­ған аза­мат болып өссін, елі­міздің ертеңі осы­лар» деген сөзді олар­дың аузы­нан есті­меп­пін. Жал­пы, қаза­қта мұн­дай сөз сирек болып кет­ті қазір…

Бір сөз­бен айтқан­да, біздің бай­лар халы­ққа емес, керісін­ше, қазір халық оли­гар­хи­я­ны үлгі тұтып, соларға икем­деліп жатыр десе бола­ды… Сон­ды­қтан… жүр­гені міне − Афри­каға ешкі тасып…

Тақы­рып­тың жалға­сы газет­тің келесі санын­да

(медиа-про­ект «DAT» №39 (451) от 1 нояб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн